15 қараша 2016 14:14

Сабина Алтынбекова өз киім желісін шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық волейболшы қыз Сабина Алтынбекова өз киім желісін шығарды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның анасы әрі менеджері Нүрипа Алтынбекова айтты.


Қазақстандық волейболшы қыз Сабина Алтынбекова өз киім желісін шығарды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның анасы әрі менеджері Нүрипа Алтынбекова айтты.

Жейделер, свитшоттар, спорттық костюмдер сияқты киімдер желісі Sabina20 деген брендпен шығатын болады. Спорттық киімдердің бұл желісін Сабина Алтынбекова отандық Zibroo Sportswear дизайнерлік компаниясымен бірігіп ойластырған екен. Айта кетейік, Рио ойындарындағы Қазақстан құрамасының киімдерін осы компания дайындаған болатын.

"Құрметті достар! Біз өткен конкурстың қорытындыларын шығардық және өз жеңімпазымызды таңдадық! Біздің жүлде - Сабина брендінен спорттық киім Астанаға жіберіледі! Жеңімпазды құттықтаймыз! Конкурстың барлық қатысушыларына алғыс айтамыз! Сабина спорттық бренді және оның командасы Zibroo Sportswear бірлесіп S20 логотипімен спорттық киімдер желісін әзірледі. Енді сізде Алматы, Сейфуллин көшесі 534 дүкендерінде спорттық киімдерді (футболкалар, свитшоттар, спорттық костюмдер және т.б.) сатып алу мүмкіндігі пайда болды. Сатылымның ашылу күні 19 қараша 2016 жыл. Келіңіз, қызықты болады! Мен 13:00 дүкендердің бірінде боламын:). Кездесеміз, араласамыз, суретке түсеміз:) және кейін онлайн сатылымды қосу жоспарлануда. Сіздерді көретініме және жағымды әсерлермен бөлісетініме қуаныштымын", - деп жазды Сабина Instagram желісіндегі парақшасында.

"Бізге осымен бірнеше жыл бойы түрлі ұсыныстар түсті, бірақ біз олардан бас тартып жүрдік. Ал киім желісін шығару жайлы ұсыныс айтылғанда, біз ойланып қалдық. Кейіннен келіссөздер жүргізіп, келісімшартқа да қол қойыдқ. Енді өзіміздің брендімізді мақтанышпен көрсете аламыз. Киімдердің барлығы Қазақстанда жасалған. Сапасы отандық дизайнерлердің киімдерінен кем түспейді. Дизайны біз ұнады. Логотипті Сабинаның өзі ойластырды", - деді Сабинаның анасы.

Айта кетейік, Алматыда 19 қарашада Сабинаның киімдер желісінің алғашқы дүкені ашылады. Кейінірек онлайн сатылымға шығару жоспарланып отыр екен.

Еске сала кетейік, осыған дейін Сабина Алтынбекова Instagram желісіндегі парақшасында үздік эскизге байқау жариялаған болатын. Байқауда Астана қаласының тұрғыны жеңіске жетті. Сабина жеңімпаз қызға спорттық киім сыйлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети