10 қыркүйек 2014 14:19

Қазақстанға Рафаэль Надаль тұңғыш рет келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аты аңызға айналған испан теннисшісі Рафаэль Надаль қыркүйек айында алғаш рет Қазақстанға келеді, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Аты аңызға айналған испан теннисшісі Рафаэль Надаль қыркүйек айында алғаш рет Қазақстанға келеді, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жекелей сында "Үлкен дулыға" сериясының 14 турнирінің жеңімпазы Надаль Астанаға келеді. Қазақстан астанасында ол француздық Жо-Вильфрида Тсонгаға қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Бұл жарыс 25 қыркүйек күні Астана қаласындағы ұлттық теннис орталығында өтеді. Басталуы сағат 19:00-де. 

Атақты теннисші Рафаэль Надаль Қазақстанға сапары барысында басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр. Рафаэль Надаль Мемлекет басшысымен кездеcіп, "Кешкі Астана" (Astana Opera Hous, Бәйтерек, Пирамида, Тәуелсіздік алаңы, Хан-Шатыр ғимаратына саяхат) шарасына қатысады. Сондай-ақ Haileybury Astana халықаралық мектеп-пансионатына барады. Шара соңында баспасөз мәслихатын және жастармен шеберлік сыныптарын өткізеді.

Айта кетейік, Рафаэль Надаль Қазақстанға бұрын да келуге ықылас танытқан болатын. Алайда жарыс кестесінің тығыздығына байланысты оның елімізге келуге мүмкіндігі болмаған. Қазіргі таңда испан теннисшісі өз академиясын құруда, бұл ретте ол Қазақстан теннис федерациясымен бірге қызмет ететін болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети