04 қаңтар 2015 17:46

Зарина Дияс 2015 жылды жеңіспен бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірінші ракеткасы, 21 жастағы Зарина Дияс Хорватияның 18 жастағы теннисшісі Донна Векичті Қытайдың Шэньчженінде өтіп жатқан WTA сериясының теннис турнирінде жеңіп кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл жарыстың жүлде қоры - 500 мың доллар.


Қазақстанның бірінші ракеткасы, 21 жастағы Зарина Дияс Хорватияның 18 жастағы теннисшісі Донна Векичті Қытайдың Шэньчженінде өтіп жатқан WTA сериясының теннис турнирінде жеңіп кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл жарыстың жүлде қоры - 500 мың доллар.

Бұл - Зарина Диястың 2015 жылғы бірінші жеңісі. Қазақстандық екі бірдей сетте басым түсті. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар. Vesti.kz Зарина Диястың екінші айналымда әлемнің 99-шы ракеткасы, венгриялық Тимеа Бабошқа қарсы шығатынын жазады. Бабош бірінші айналымда әлемнің 102-ші ракеткасы, қытай қызы Кян Ванды үш сетте жеңген еді. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Осыған дейін Зарина Диястың Тайландтағы Паттайада 9-15 ақпан аралығында өтетін турнирге баратыны жайлы хабарланған еді. Оған 24 адам қатысады. Олардың ішінде Қытай халық республикасының өкілі Пэн Шуай, украин Элина Свитолина және ресейлік спортшылар Елена Веснина мен Алла Кудрявцева бар. Айта кетейік, 2014 жылы Паттайадағы турнирде орыс теннисшісі Екатерина Макарова жеңімпаз атанған болатын. 

Еске сала кетейік, Vesti.kz порталындағы дауыс беру қорытындысы бойынша Зарина Дияс жылдың үздік спортшысы атағын жеңіп алды. Теннисшіге 690 оқырман дауыс берді, бұл - барлық дауыс берушілердің 33 пайызы. Екінші орынға боксшы қыз Назым Қызайбай көтерілді, оған 519 дауыс берілді (25 пайыз). 14 пайыз дауысты (285 дауыс) пен үшінші орын ауыратлет Зүлфия Чиншанлоға бұйырды. Бестікке волейболшы Сабина Алтынбекова мен жүзуден Қазақстанның паралимпиадалық құрамасының өкілі Зүлфия Ғабидуллина кірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети