11 қазан 2014 15:15

Зарина Дияс Жапониядағы WTA турнирінің финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай финалдық жарыста қазақстандық теннисші Тайландтан келген спортшы Луксика Кумхумды жеңді. Ойынның есебімен мына жерде таныса аласыздар. Айта кетейік, мұның алдында спортшымыз АҚШ-тан келген Мэдисон Кисті жеңген болатын. 

Енді Зарина Дияс финалда Стосур мен Свитолина жұбындағы жеңімпазбен кездеседі. Порталдың мәліметінше, финалға шығар алдында Зарина WTA рейтингі бойынша 180 ұпай жинаған, сондай-ақ 21 400 доллар жүлде алған. Еске сала кетейік, 10 қазан күні Зарина Дияс хорватиялық Аню Конюхты 3 сетте ұтып, Жапонияның Осака қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалына шыққан. 

Айта кетейік, қазақстандық теннисші жанкүйерлердің қолдауымен Сингапурдағы WTA Rising Stars жас жұлдыздар турниріне іріктелген болатын. Бұл турнирге Пуэрто-Рикодан Моника Пуиг, америкалық Шелби Роджерс және қытайлық Чжен Сайсай қатысады. Зарина Дияс WTA рейтингінде 37-орында тұр. Бұл көрсеткішке ол Қытайда өткен жарыста екінші кезеңге өткен соң жеткен еді. Қазақстандық теннисші әртүрлі жарыстарға қатысып, бір жылда 500 мың доллар пайда тапқанын да айта кеткен жөн.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети