14 сәуір 2014 10:31

Зарина Дияс үздіктер қатарындағы орнын сақтап тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зарина Диас. Сурет: wtatennis.com Зарина Диас. Сурет: wtatennis.com

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Әйелдер теннис ассоциациясының (WTA) жаңартылған рейтингінде әлемнің үздік жүз теннисшісінің қатарындағы орнын сақтап тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.

20 жастағы Зарина Дияс - 93-орында. Ал үздік теннисшілердің қатарындағы тағы екі отандасымыз Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева екі сатыдан төмен сырғыған. Қазақстанның бірінші ракеткасы Шведова 53-орыннан 55-орынға түссе, Воскобоева 63 орыннан 65 сатыға төмен түскен. 

WTA тізімінде үздік 500 теннисшінің қатарындағы қазақстандықтардан Юлия Путинцева 157 орыннан 159 орынға, Сесиль Каратанчева 175-орыннан 179-орынға, Кәмила Керімбаева 292-сатыдан 296-сатыға төмен сырғыған.

Бұл аптадағы жаңартылған WTA тізімінің көшбасшылар қатарында өзгеріс жоқ. Бірінші орынды америкалық теннисші қыз Серена Уильямс сақтауда. Екінші орында қытайлық Ли На болса, үздік үштікті польшалық теннисші Агнешка Радванска түйіндеп тұр.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети