12 қараша 2014 22:07

Әзірбайжан Таулы Қарабақ Республикасының тікұшағын атып түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ми-24 тікұшағы. Фото etsphoto.ru сайтынан алынды Ми-24 тікұшағы. Фото etsphoto.ru сайтынан алынды

Әзірбайжан әскери күштері мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының әскери тікұшағын атып түсірді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Әзірбайжан әскери күштері мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының әскери тікұшағын атып түсірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасы қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысының мәліметіне қарағанда, ол Таулы Қарабақ Республикасына тиесілі ұшу-жаттығу жасап жүрген әскери тікұшақ болған. "Жергілікті уақыт бойынша 13.45 шамасында Әзірбайжан мен Таулы Қарабақ Республикасы шекарасының қиылысқан тұсында, оқ ату тоқтатылғанына қарамастан, әзірбайжандық әскерилер ұшу-жаттығу жасап жүрген Ми-24 ВВС НКР тікұшағын атып құлатты", - деп хабарлайды ведомство өкілі.

Ал Әзірбайжан қорғаныс министрлігі атып түсірілген тікұшақтың Армения қарулы күштеріне тиесілі екенін және Әзірбайжан жерін атқыламақ болғанын айтады. Сондай-ақ қорғаныс министрлігі ұшақтың Әзірбайжанның Агдам ауданына қарасты Чеменли ауылының үстінде атып түсірілгенін мәлімдеген. Ұшақ Әзірбайжан әскерлерінің бақылауындағы аймаққа құлаған. Тікұшақ құлаған жерге Әзірбайжан армиясының техникасы мен жеке құрамы жөнелтілген.

Естеріңізге сала кетсек Таулы Қарабақ соғысы 1988 жылы ақпанда басталған. Сол кезде тұрғындарының басым көпшілігін армян ұлты құраған Таулы Қарабақ Әзірбайжан құрамынан шығатынын мәлімдеген еді. 1991 жылы Таулы Қарабақ Республикасы құрылды. 1992 жылдан бері мәселені бейбіт жолмен шешу туралы келіссөздер жүргізіліп келеді. Әзірбайжан өз тұтастығын сақтап, Таулы Қарабақты қайтарғысы келсе, Армения Таулы Қарабақ Республикасын мойындауды қолдайды. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети