16 сәуір 2015 13:09

Бішкектегі елшілікте Қазақстан президентіне дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Tengrinews.kz Иллюстрация © Tengrinews.kz

Қазақстан президентіне дауыс беру үшін сайлау өтетін күні Бішкектегі ҚР елшілігінде №214 сайлау учаскесі ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол 07.00-ден бастап 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Еске сала кетейік, Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 26 сәуірге өтеді.


Қазақстан президентіне дауыс беру үшін сайлау өтетін күні Бішкектегі ҚР елшілігінде №214 сайлау учаскесі ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол 07.00-ден бастап 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Еске сала кетейік, Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 26 сәуірге өтеді.

Бішкектегі Қазақстан елшілігінде президенттікке үміткерлер туралы барлық ақпарат пен дауыс беру тәртібі туралы мәлімет дайын тұр. Сонымен қатар, кез келген қазақстандық өзінің тегін сайлаушылар тізімінен анықтап, өтініш жазу арқылы тіркеле алады. Қазақстандық дипломатиялық өкілдігінің мәліметінше, Бішкектегі ҚР елшілігіндегі консулдық есепте 270 қазақстандық тұр. Бірақ сайлау жақындаған сайын тізім ұлғайып келеді.

Қырғызстандағы Қазақстан Елшілігінің кеңесші-елшісі, №214 сайлау комиссиясының төрағасы Ербол Ахметовтің айтуынша, Қырғызстандағы қазақстандықтар Қазақстан президентінің сайлауы күні де сайлаушылардың тізіміне іліге алады. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңның 25-бабы 1-бөлігіне сәйкес, шет мемлекеттерге жеке шақыртумен, қызмет бабымен, іскерлік және туристік сарапмен барған Қазақстан азаматтары ҚР азаматтының төлқұжатымен сайлау комиссиясына бару арқылы сайлаушылардың тізіміне іліге алады. Сондықтан барлық қазақстандық сайлауға дейін және сайлау күні сайлаушылардың тізіміне енгізіліп, президентке дауыс бере алады", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети