19 маусым 2014 | 12:19

Кеден одағында кеды мен биік өкшелі аяқкиімге тыйым салуды ұсынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Favim.ru ©Favim.ru

Кеден одағы аумағында кеды, балетка, биік тікөкше туфли киюге тыйым салу ұсынылып отыр, - деп жазады "Известия". Аталған аяқкиімдер денсаулыққа қауіп төндіреді.


Иконка комментария блок соц сети

Кеден одағы аумағында кеды, балетка, биік тікөкше туфли киюге тыйым салу ұсынылып отыр, - деп жазады "Известия". Аталған аяқкиімдер денсаулыққа қауіп төндіреді.

Ресей парламенті төменгі палатасының депутаты Олег Михеев Кеден одағының техрегламентіне аяқкиімдерге қатысты жаңа медициналық-ортопедиялық талаптар енгізуді ұсынып, Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) басшысы Виктор Христенконың атына үндеу жолдады. Депутат тегіс табанды және биік өкшелі аяқкиімдер табан құрылымын бұзады деп есептейді.

Михеевтің айтуынша, қазіргі уақытта ересектердің 40%-ы жалпақтабан ауруына шалдыққан. "Бұрын ыңғайсыз аяқкиімдерден, негізінен, әйелдер зардап шегетін, өйткені табан ауруларының көбі биік өкшелі аяқкиімдерден болады, мұндай киімдер көлденең жалпақтабандылық, бурсит, неврома сияқты ауруларға шалдықтырады. Енді бұл аурулар ерлерге де қауіп төндіріп отыр. Сәнді кедылар, лоферлер, өкшесіз мокасиндер де денсаулыққа қауіпті. Мұндай аяқкиімдер жалпақтабандылыққа, жіліншік бұлшықетінің өзгеруіне, аяқ тамырларының түйнелуіне, күретамыр қанының созылмалы тапшылығына соқтырады", - деп мәлімдеді депутат.

Кеден одағының қазіргі техникалық регламентінде биомеханикалық және ортопедиялық талаптар жоқ. Регламент тек аяқкиім детальдерінің беріктігі, суөткізгіштігі, химиялық құрамы сияқты параметрлерді ғана анықтайды. Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі комиссияның техрегламентті өзгертуге қатысты кез келген ұсынысты қарауға әзір екенін хабарлады. 

Дәрігерлер биік өкшелі және тегіс табанды аяқкиімдердің денсаулыққа қауіп төндіретінін растайды. "Аяқкиімнің 4,5 сантиметрден биік өкшесі табанды ғана емес, тізе буынын, жамбас сүйегін де бұзады, әйел адамның жыныс органына, жатырына кері әсер етеді, омыртқа мен миға да әсер етеді. Мұның арты енжарлыққа, зейінсіздікке, есте сақтау қабілетінен айырылуға әкеліп соғады", - дейді хирург-ортопед Владимир Хорошев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Кеден одағы аумағында шілтерлі ішкиім өндіруге, алып келуге, сатуға тыйым салынған болатын. Бұл тауарлар техникалық регламентке сай емес болып шықты. Бірақ кейін әйелдер ішкиімінің дүкен сөрелерінен жоғалмайтыны хабарланды, өйткені 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап бұрынғы ережелер бойынша берілген сәйкестік сертификаттарының күші жойылады.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети