28 қараша 2014 15:57

Кеден одағында өнім сапасын бақылайтын тәуелсіз зертхана ашылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусь вице-премьері Михаил Русый. ©minsk-region.gov.by Беларусь вице-премьері Михаил Русый. ©minsk-region.gov.by

Кеден одағы елдері Минскіде азық-түліктің сапасын бақылайтын тәуелсіз бірыңғай зертхана ашуды ұсынды, - деп хабарлайды РИА Новости


Кеден одағы елдері Минскіде азық-түліктің сапасын бақылайтын тәуелсіз бірыңғай зертхана ашуды ұсынды, - деп хабарлайды РИА Новости

Беларусьтің вице-премьері Михаил Русый азық-түліктің сапасын бақылайтын тәуелсіз бірыңғай зертхана ашуға қолдау білдірді. Бұл зертхананың зерттеу қорытындылары одаққа кіретін елдерде мойындалатын болады. Беларусь вице-премьерінің айтуынша, қазір Еуразиялық экономикалық комиссия Кеден одағында мұндай зертхананы ашу мәселесімен айналысып жатыр. "Ешкімге де тәуелді болмайтын референттік зертхана болуы керек", - деді Русый.

Сонымен қатар, ол белорус зертханаларының әдіснамалары әлемдік стандартқа сәйкес келетінін мәлімдеді. Русый Беларусьте өндірісте, мұнымен бірге, мемлекеттік органдардың мал дәрігерлік және санитарлық бақылауы тарапынан да  шикізатты кіріс бақылау жүйесі нақты қойылғанын айтты. Оның айтуынша, белорус кәсіпорындары өзін-өзі бақылау тәртібінде өз өнімінің үлгілерін таяудағы ресейлік зертханаларға жіберіп отыр, себебі 2008 жылдан бері азық-түлік мәселесінде Ресей мен Беларусь елдерінің арасында жиі қарама-қайшылықтар шығып отырады. Спикер қазіргі уақытта туындаған дауларды қалайша жедел шешу керектігі жөнінде жұмыс жасалып жатқанын да қоса айтты.    

Осыған дейін Ресейдің ауыл шаруашылығын қадағалау жөніндегі федералдық қызметі белорус өнімінен АЧС вирусының геномын, микробты ластану мен антибиотиктерді тапқанын айтып, Беларусьтің 20-дан астам кәсіпорнының азық-түлігіне тыйым салған болатын. Мұнымен қатар, Ресей Кеден одағы елдерінің аумағынан өтетін бағытта Беларусь арқылы келетін тыйым салынған өнім транзитін тоқтатқан еді. Ол уақытта ресейлік тарап бұған Беларусь аумағынан келетін заңсыз өнімдердің анықталғандығы себеп деп түсіндірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети