26 тамыз 2014 11:12

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің қоғаммен байланыс жөніндегі бөліміне сілтеме жасап.


Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің қоғаммен байланыс жөніндегі бөліміне сілтеме жасап.

Оқиға Қырғызстанның Баткен облысы Лейлек ауданындағы Сай аталатын жерде болды. Тәжік шекарашылары мемлекетік шекараның келісілмеген учаскесіне шекара тұрағын орнатуға әрекеттенген. Ал Тәжікстанның Овча-Калача елді мекенінің тұрғындары экскаватордың көмегімен Гулькандоз өзеніндегі көпірді құлатпақ болған. Бұл көпір Қырғызстан тұрғындарын Сай елді мекенімен байланыстырып отыр. Тәжікстан азаматтары қырғыз шекарашыларының көпірді құлатуды доғару және келісілмеген учаскеден шекара тұрағын алып тастау туралы талабына құлақ аспаған. Олар шекарашыларды таспен атқылаған. Оқиға кезінде тәжік шекарашылары алғаш болып оқ атқан. 

Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, тәжік тарабы минометті қолданды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы мәлімет нақтыланып жатыр. Қырғыз-тәжік шекарасында тыныштық болмай тұр. Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің осы учаскелердегі бөлімшесі күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети