20 шілде 2015 15:37

Қырғызстанның арнайы қызметі ДАИШ лаңкестерін жою сәті түсірілген видеоны жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube © Youtube

Қырғызстан МҰҚК арасында қазақстандық болған ДАИШ лаңкестерін жою сәті түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Қырғызстан МҰҚК арасында қазақстандық болған ДАИШ лаңкестерін жою сәті түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Ведомствоның баспасөз қызметі видеоның оперативті екенін, сондықтан да натуралистік кадрлар бар екенін айтты. Видеодан арнайы қызмет өкілдерінің лаңкестер тұрақтаған ауданда оқ жаудырғанын көруге болады. Қырғызстан МҰҚК ДАИШ мүшелерін ұстау кезінде жарақат алғандардың жағдайы орташа тұрақты екенін айтты. Сонымен қатар, кей ақпарат құралдарында тағы екі лаңкестің іздестіріліп жатқаны туралы хабар пайда болды. Дегенмен, баспасөз қызметі мұны жоққа шығарды.

Еске сала кетейік, Қырғызстан астанасындағы арнайы операция 16 шілдеде кешкі уақытта болды. Қырғызстан Республикасы МҰҚК мәліметінше, арнайы операция кезінде лаңкес болуы мүмкін делінген төрт күдіктінің көзі жойылды, лаңкестік топтың тағы жеті мүшесі ұсталды. Қырғызстан ведомствосының мәліметінше, лаңкестік ұйымға Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары мүше болған және оларды 27 жастағы қазақстандық Жанболат Амиров басқарған. Ол тағы бір қазақстандық Альберт Абхинмен бірге түрмеден қашып кеткен болатын, Абхин ұсталу кезінде өзін-өзі жарып жіберді.

АК алты автоматы, бір АКСУ, ПМ және ТТ бес тапанша, көп көлемде жарылғыш зат пен оқ-дәрілері, сонымен қатар 500 келі аммиак селитрасы табылды. Операция барысында ҰМҚК арнайы бөлімшесінің төрт қызметкері түрлі жарақат алды, олар Бішкек ауруханасына жіберілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети