20 наурыз 2014 15:29

Қырғызстанның жаңа премьер-министрі сәуірдің 11-інде тағайындалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмазбек Атамбаев. Фото news.mir.kg Алмазбек Атамбаев. Фото news.mir.kg

Қырғызстан Республикасының жаңа премьер-министрі сәуір айының 11-і күні тағайындалады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қырғызстанның Президенті Алмазбек Атамбаев парламенттегі фракция жетекшілерімен кездесу барысында ол өзі басқаратын Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП) фракциясында коалициялық көпшілікті құруға мандат берді. Кездесу барысында, ҚСДП фракциясы парламентте көпшіл дауыс беру құқығына ие коалиция құру қажеттігін, 2014 жылы сәуірдің 11-інен кешіктірмей елдің премьер-министрі қызметіне лайықты адамды ұсыну керектігін айтқан. Ол коалиция парламенттің жалпы отырысында жаңа үкіметтің құрамы мен құрылымын да ұсынуы тиіс. Алмазбек Атамбаев фракция жетекшілеріне, барлық құрылымдағы биліктің алдына қойылған міндет мемлекеттілікті күшейту және 2013-2017 жылдарға арналған Қырғызстан Республикасының ұлттық тұрақты даму стратегиясын жүзеге асыру болып табылатынын айтты. Президент атап өткеніндей, коалиция тек үкіметтің құрамын ғана анықтауы тиіс, ал осыған дейін қолданылып келгендегідей фракциялар арасында әкімшілік ведомстволар мен басқа да органдардағы қызметтер бөліске салынбауы керек. Еске саламыз, кешеге дейін Премьер-министр Жанторо Сатыбалдиневтің жетекшілігінде болған Қырғызстан үкіметі наурыздың 18-і күні отставкаға кеткен болатын. 2014 жылы сәуірдің 11-інде парламентке Қырғызстанның осымен 26-шы премьер-министрін мақұлдауы керек болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети