18 наурыз 2014 12:15

Приднестровье Ресей құрамына қосылуға ниет білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Wikipedia.org ©Wikipedia.org

Приднестровье Ресейдің құрамына қосылуға ниет білдірді деп жазады "Ведомости". Мойындалмаған республиканың Жоғарғы кеңесінің төрағасы Михаил Бурла Мемлекеттік дума төрағасы Сергей Нарышкинге Ресей заңнамаларында Приднестровьенің РФ құрамына қосылу мүмкіндігін қарастыруды сұрап, үндеу жолдады. Хат "Справедливая Россия" партиясы жасаған РФ құрамына жаңа аумақтарды қосу тәртібін жеңілдету туралы заң жобасына үн қату түрінде келіп түсті. Аталған заң жобасы бойынша шетелдік мемлекеттерде "тиімді легитимді билік" болмаған кезде Ресей олардың бөліктерін өз құрамына референдум нәтижесі немесе биліктің үндеуі негізінде қабылдай алады. Бурла бұл заң жобасы бойынша Приднестровьенің РФ құрамына қосыла алмайтынын атап өтті, себебі Молдавия билігін тиімсіз деуге болмайды. Бұған қоса, Приднестровьеде молдован заңдары бойынша референдум өткізуге болады, бірақ мойындалмаған республиканың өз заңдары бар. Сондай-ақ, Приднестровьеде Молдавия билік органдары әрекет етпейді, яғни олар РФ құрамына қосылу туралы үндеу жасай алмайды. Приднестровье Молдавия Республикасы Жоғарғы кеңесінің төрағасы 2006 жылғы референдум кезінде Ресейге қосылуға сайлаушылардың 97,2%-ы дауыс бергенін еске салады. Ресей заңнамаларын Приднестровье заңнамаларының бір бөлігі деп қарастыру туралы конституциялық заң бірінші оқылымда мақұлданған. Орыс тілі мемлекеттік тіл деп танылды. Приднестровьеде Ресейдің 200 мың азаматы тұрып жатыр. "Егер Еуроодақпен қауымдасу туралы келісімге қол қойған Молдавия экономикалық шектеу шараларын енгізсе, Приднестровьенің күрделі жағдайы одан әрі нашарлайды", - делінген үндеуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети