04 наурыз 2014 18:50

Ресей Қырымды қосып алуды ойламайды - Путин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Путин. ©Russian.rt.com Владимир Путин. ©Russian.rt.com

Ресей Қырымды қосып алу мүмкіндігін қарастырып отырған жоқ. Бұл туралы РФ Президенті Владимир Путин мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі онлайн баспасөз мәслихатына сілтеме жасап. Журналистердің сұрағына жауап берген Путин: "Жоқ, мұндай вариантты қарастырмаймыз. Мен жалпы белгілі бір аумақта тұрып жатқан азаматтар еркін ерік білдіру жағдайында, қауіпсіздік жағдайында өз келешегін өзі таңдайды деп топшылаймын", - деді. Дегенмен ол Ресей Қырым министрлер кеңесінің төрағасы Сергей Аксеновтың автономиялық республика аумағында бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етуге көмек беру туралы өтінішін назардан тыс қалдырмайтынын жеткізді. Путин егер елдің шығыс аймақтарында Киевтегідей тәртіпсіздік болатын болса, Ресейдің украин азаматтарын қорғау үшін қолдағы бар мүмкіндікті қолдануға құқығы бар екенін атап өтті. "Егер біз шығыс аймақтарда шектен шығу басталып жатқанын көрсек, егер адамдар бізден көмек сұрайтын болса, біз ол азаматтарды қорғау үшін барлық құралды қолдануға құқылымыз, бізде легитимді президенттің ресми үндеуі бар", - деді Ресей Президенті. АҚШ пен Еуроодақ санкцияларына келсек, РФ басшысы мұндай санкциялардың салдары туралы бәрінен бұрын оны енгізуге ниеттілердің ойлануы керектігін айтты. "Барлығы бір-бірімен өзара байланыста отырған және бір-біріне тәуелді қазіргі заманда, әрине, біреудің біреуге шығын келтіруі мүмкін. Бірақ бұл өзара есепті шығын болады және бұл туралы ойлану керек", - деді Путин. Ресей басшысы батыс саясаткерлерінің мәлімдемелері туралы түсінік берді: "Бізді әрекеттеріміздің заңсыз екенін жиі айыптап жатады. Ал мен "Сіздерде бәрі заңды деп есептейсіз бе?" деп сұраған кезде олар "иә" деп жауап береді. Сол кезде АҚШ-тың Ауғанстандағы, Ирактағы, Ливиядағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциясынсыз немесе олардың резолюцияларының мазмұнын бұрмалап жасаған әрекеттерін еске түсіруге тура келеді, Біздің серіктестеріміз, әсіресе, АҚШ өздерінің геосаяси және мемлекеттік мүдделерін әрқашан нақты тұжырымдап, оны табанды түрде ұстанады, содан кейін "Кім бізбен бірге емес, олар бізге қарсы" деген танымал фразаларын басшылыққа алып, бүкіл әлемді астына басқысы келеді. Кім астына түскісі келмесе, оны түрткілейді, әдетте ұрғыштап бітіреді". Еске сала кетейік, бұған дейін Қырымның автономиялық мәртебесі жөніндегі референдумның 30 наурызда өтетіні туралы хабарланған еді. Сол күні Ресей Федерация кеңесі Владимир Путиннің Украинада ахуалды қалыпқа келтіру үшін ресейлік қарулы күштерді қолдану туралы ұсынысын бірауыздан мақұлдады. Украин саясаткерлері Ресейдің Украинаға, нақты айтқанда, Қырымға аннексия жасау әрекетін айыптады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети