11 наурыз 2014 09:52

Ресей сарбаздары Қырымның әскери бөлімшелерін жаулап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото korrespondent.net сайтынан Фото korrespondent.net сайтынан

Ресей сарбаздары Қырымның әскери бөлімшелерін жаулап жатыр. Украинаның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай, дүйсенбі күні олар Тарханкутта орналасқан әуе күштерінің радиолокациялық ротасын жаулап алуға әрекетенген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аталған құрылым командирінің орынбасары Виталий Онищенконың сөзіне қарағанда, наурыздың 10-ы күні кешқұрым әскери бөлімшенің тосқаулы жанында мемлекеттік нөмірі жоқ сегіз жүк машинасы тоқтады. Содан 120 ресейлік десант түсіп, әскери қалашықты қоршауға алды. Ал бөлімшенің жеке құрамына қару-жарақты тапсырып, өз еркімен берілуге ұсыныс жасалды. Радиолокациялық ротаның командирі оған мойынсұнған жоқ. Бұдан кейін келіссөздер басталды. Сондай-ақ дүйсенбі күні түнде шамамен 200 ресейлік сарбаз 14 жүк машинасымен келіп, Черноморск кентінде орналасқан зымыран-техникалық бөлімшені жаулап алды. Бұл туралы Қырымның қорғаныс министрлігі медиа-орталығының басшысы Владислав Селезнев Фейсбуктағы өзінің жеке парақшасына жазды. Бұдан басқа, Бахчисарайдағы әскери бөлімше ресейлік сарбаздардың иелігіне өтті. Қазір олар Новофедоровка аэродромын жаулап алуға тырысып жатыр. Бұған дейін Саках және Джанкое аэродромдары бағындырылған болатын. Ал Бельбек аэродромының жұмысы тоқтатылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети