11 тамыз 2014 10:46

Тәжікстан шекарашылары қырғыз азаматын атып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Тәжікстан шекарашылары Қырғызстанның қарулы үш азаматына оқ атып, соның салдарынан әлгілердің бірі қайтыс болды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Мемлекеттік шекара қызметінің қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі бөлімінің мамандары айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Тәжікстан аумағындағы Тұпакөл елді мекенінде болды. Тәжік тарапының мәліметінше, шекараны заңсыз кесіп өткен қалған екі адам ұсталды, оқиға орнынан сегіз оғы бар 7,62 мм калибрлі аңшы карабині, ТОЗ-8 шағынкалибрлі винтовкасы мен екі жылқы табылды. Шекара тәртібін бұзғандардың Қырғызстанның Ош облысындағы Шон-Алай ауданының тұрғындары екені анықталды.

Қайтыс болған азаматтың денесі қырғыз шекарашыларына, тиісті сараптама жүргізу үшін одан әрі Ош құқық қорғау органдарына тапсырылды. Қалған екі қырғызстандық Тәжікстанның Жырғатал аудандық мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, қырғызстандықтар Тәжікстан аумағында аң аулап жүрген. Бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр, ұсталғандар Қырғызстанға жіберілуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети