16 сәуір 2014 09:45

Украина азамат соғысы алдында тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Краматорскідегі баррикада. ©РИА Новости Краматорскідегі баррикада. ©РИА Новости

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев "Украина азамат соғысы алдында тұр" деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап.


Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев "Украина азамат соғысы алдында тұр" деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап.

Сонымен қоса, Медведев төңкеріс нәтижесінде мемлекет басына келген Украинаның қазіргі билігі ақылға келіп, елді ауыр жағдайға апармайды деп сенетінін жеткізді.

Ресей үкімет басшысының пайымдауынша, жағдайды тұрақтандырып, Украинаны сақтап қалудың бірден-бір жолы - бұл елдің қалыпты дамуына жағдай жасау, өз елінің халқымен мәмілеге келу, барлық этникалық топтардың мүддесін ескеру, сондай-ақ орыстар да өзгелер сияқты Украина азаматтары екенін мойындау және олардың өз тілін пайдалануына мүмкіндік беру.

Сейсенбі күні кешке телефон арқылы сөйлесу кезінде Ресей президенті Владимир Путин Германия канцлері Ангела Меркельге "жағдайдың ушығуы Украинаны азамат соғысына апарыды" деп мәлімдеді.

Өз кезегінде Ресей сыртқы істер министрлігі де Украинаның азамат соғысы тұтану қаупі алдында тұрғанын ескертті. Министрлік өкілі Константин Долговтың сөзіне қарағанда, Киевтің Донецкі облысына жасаған әскери іс-қимылдары туысқан халықтардың бірін-бірі өлтіруіне, жағдайдың одан әрі ушығуына әкеліп соқтыруы ықтимал,

Ал АҚШ Украинадағы жағдайды азамат соғысы деп бағаламайды. "Біз Ресей мен Украинаның шығысындағы арндатушы қарулы жасақ арасында байланыс бар екенінен күмәнданбаған едік. Украина үкіметі жағдайды тұрақтандыруға қадам жасап, бейберекеттікті тоқтату үшін өз әскерін жіберді, мұны азамат соғысы деп айтуға болмас" - дейді АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джен Псаки.

Естеріңізге сала кетсек, 15 сәуір күні Украина президенті міндетін атқарушы Александр Турчинов парламент отырысында Донецкі облысында антитеррорлық іс-қимылдар басталғанын жариялаған еді. Сол күні украин әскерлері бұған дейін проресейлік белсенділер өз бақылауына алған Краматорск және Славянск қалаларына шабуыл жасады.

"Россия-24" телеарнасының мәліметіне қарағанда, Краматорск әуежайына жасалған шабуыл кезінде жасақшылар арасынан 4-тен 11 адамға дейін қаза болған. Сондай-ақ телеарна әуежай үстінен белгісіз қырып-жоюшы ұшақ атып түсірілгенін хабарлады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети