23 ақпан 2014 17:41

Украина президенті өкілеттілігі Жоғары Рада төрағасына табыс етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Турчинов. ©REUTERS Александр Турчинов. ©REUTERS

Украина президенті өкілеттілігі Жоғары Рада төрағасы Александр Турчиновқа табыс етілді деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Мұндай шешімді 287 депутат қолдап, дауыс берген. Бұған дейін осы негіздегі қаулыны Жоғары Рада спикері Руслан Кошулинский талқыға ұсынған. Сондай-ақ Украина Жоғары Радасы сыртқы істер министрлігі басшысы міндетін атқарушы Леонид Кожара мен білім және ғылым министрі міндетін атқарушы Дмитрий Табачникті қызметінен босату туралы қаулыға жақтап дауыс берді. Бұл арада Жоғары Раданың "Межигорье" президент резиденциясын мемлекеттің меншігіне қайтару туралы бұйрықты да мақұлдағанын баса айта кетелік. Қазір Виктор Янукович резиденциясының есігі оны көремін деушілерге ашық.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети