19 наурыз 2014 20:58

Украина ТМД-ға төрағалық етуден бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТМД эмблемасы. ©Postsoviet.ru ТМД эмблемасы. ©Postsoviet.ru

Украина биыл Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымына төрағалығын жалғастырмауды ұйғарды, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" Украина Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. "Украина тарапы 2014 жылы өзінің ТМД-ға төрағалық етуін жалғастырмауға шешім қабылдады", - деп хабарлады Киевте Сыртқы істер министрлігінің ақпараттық саясат департаментінің директоры Евгений Перебийнис. Оның айтуынша, ТМД өзінің негізгі міндеттерін іске асырудың орнына "Достастықтың жекелеген мүшелерінің, атап айтқанда, Ресей Федерациясының мүдделерін іске асырудың құралына айналды". Украина сыртқы саясат ведомствосының өкілі Украинаның Қырымдағы ахуалға байланысты Достастықтан арнайы мәлімдеме қабылдауды талап ететінін айтты. "ТМД егемендікті құрметтеу және шекараларға қол сұқпаушылық қағидаларына негізделген. Өкінішке қарай, соңғы оқиғалар жағдайдың керісінше екенін көрсетті", - дейді дипломат. 1991 жылғы Беловеж келісімінің нәтижесі бойынша Украинаның ТМД-ның негізін қалаушылардың бірі болғанына қарамастан, ол ТМД жарғысын ратификациялаған емес. Сол себепті ол заң жүзінде Достастыққа мүше мемлекет саналмайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети