08 ақпан 2014 21:32

Украинада вандалдар Лениннің тағы бір ескерткішін қиратты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет  diletant.ru сайтынан алынды Сурет diletant.ru сайтынан алынды

"Украинада вандалдар Ленинге қойылған тағы бір ескерткішті қиратты" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Интерфакс-Казахстан" ақпарат құралына сілтеме жасап. Украин елінің Полтава облысына қарасты Гребенка қаласында Ленин ескерткішінің басын алып тастағаны жайында, сенбі күні, "Интерфакс-Украина" ақпарат құралына облыстық милиция басқармасының қоғаммен байланыс орталығынан хабарлаған. "Қираған ескерткіш қаланың орталық саябағында орналасқан болатын. Болған жағдай туралы милицияға жергілікті тұрғындар хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр" - дейді милиция басқармасының қоғаммен байланыс орталығы мамандары. Қазір оқиға орнында милиция жұмыс істеп жатыр. Бұл Украинадағы Ленин ескерткіштеріне қатысты жасалып отырған алғашқы вандалдық әрекет емес. 7 ақпанға қараған түні белгісіз біреулер Одесса қаласындағы "Ленин комсомолдары" саябағында орнатылған Ленин ескерткішін бояп, ұлттық араздық туғызатын сөздер жазып кеткен. Ал 30 қаңтар күні Киев облысына қарасты Фастов қаласының әкімдік ғимараты жанында орнатылған Ленин ескерткішін құлатып тастаған. 10 қаңтарда, белгісіз біреулер, Полтава облысына қарасты қала типтес Машевка ауылындағы әкімшілік ғимараты алдында орнатылған Ленин ескерткішінің басын алып тастаған еді. Сондай-ақ, өткен жылдың 8 желтоқсанында Киевтің Бессарабия алаңындағы Лениннің ескерткішін құлатып, қиратқан болатын. Сол күні Одесса облысындағы Котовска қаласында көсем ескерткіші құлатылса, 11 желтоқсанда Кировоград облысы, Маловисковск ауданына қарасты Хмелево слосындағы көсем ескерткіші қолынан мақұрым болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети