23 желтоқсан 2014 19:50

ҰҚШҰ мемлекеттері басшылары жаңа мәлімдемеге қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kremkin.ru ©kremkin.ru

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің президенттері жаңа мәлімдемеге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәскеудегі ҰҚШҰ ҰҚК отырысынан. 


Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің президенттері жаңа мәлімдемеге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәскеудегі ҰҚШҰ ҰҚК отырысынан. 

"Біз, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары, Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында соңғы кездері өршіп келе жатқан шиеленіс эскалациясын, неонацистік идеологияның қайта туындауын, әлемде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктерінің дағдаруын және әлемде, соның ішінде, Еуразия кеңістігінде жаңа жанжал аймақтарының пайда болуын байқап отырмыз. Бұл жайт әлемдегі ахуалды тұрақтандыру жөнінде кезек күттірмейтін шаралар қабылдауды талап етеді", - делінген құжатта. 

Мемлекет басшылары террорлық қауіптерге де алаңдаушылық білдірді. Олар терроризмнің өңірлік жанжалдарда өзіндік роль атқарып және дінаралық, ұлтаралық қарама-қайшылықтарды пайдалана отырып, сан жағынан, идеологиялық және қаржылай жағынан нығайып келе жатқанын айтты. Мәлімдемеде Таяу Шығыста негізі қаланған, "әл-Каида" құрылымдарынан, соның ішінде, "Ислам мемлекеті" мен "Джабхат-ән-Нұсра" топтарынан шыққандар белсенді әрекет ететін террористік алаң қалыптасуының жаһандық қаупі артып келе жатқаны айтылады. Ауғанстан аумағынан діни экстремизмнің ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерге таралып жатқанына да президенттердің алаңдаушылығын туғызады. 

"ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары қарулы қақтығыстарға халықаралық террористік ұйымдар жағынан қатысқаннан кейін ҰҚШҰ мемлекеттері аумағына оралатын адамдарға қатысты үйлестірілген іс-шаралар қабылдауы керек", - делінген мәлімдемеде. 

Мемлекет басшылары ел тұрақтылығын бұзу үшін мемлекеттердің ішкі істеріне араласуда ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қолданылу қаупіне де алаңдаушылық білдірді. Бұл ретте олар "ПРОКСИ" операциясының жүргізілуіне ерекше мән беріп отыр. 

Сонымен бірге ҰҚШҰ басшылары Ауғанстандағы есірткі алқаптары мен есірткі өндірістерінің артуына қатысты да шаралар қолданылуы керектігін атап өтті. Бұған қоса, мәлімдемеде жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау үшін тараптардың ғарыш кеңістігінде қару орналастыруды және ғарыш нысандарына қатысты күш қолдануды, басқа да қауіптерді болдырмау жөнінде нақты шараларды қолдайтыны айтылды. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети