24 шілде 2014 12:29

Әлемнің жеті құрлығының жанартауларын бағындырмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андрей Гундарев. ©Аlmazoff.yvision.kz Андрей Гундарев. ©Аlmazoff.yvision.kz

Алматылық саяхатшы, альпинист Андрей Гундарев әлемнің жеті құрлығының жеті жанартауын бағындырған тұңғыш қазақстандық атанғалы отыр, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның өзі әңгімелеп берді. Жиһанкез осы уақытқа дейін алты жанартауды барып көрген. Ол бұл бірегей жерлерді соңғы бірнеше жыл ішінде бағындырған.

"Жеті құрлықтағы жеті биік жанартау" бағдарламасы аяқталуға таяп келеді. Оның мәні - әлемнің жеті құрлығындағы биік жанартауларға көтерілу. "Бұл бағдарламаны сәтті аяқтаған тұңғыш қазақстандық атану үшін маған Антарктиданың ең биік жанартауы - Сидлейді (4181 метр) бағындыру ғана қалды. Бұл - бағдарламаның ең қымбат тармағы, оны іске асыру үшін 70 мың доллар керек. Бағдарламаны осы жылдың соңында немесе келер жылдың соңында аяқтауды көздеп отырмын. Антарктидаға көтерілу маусымы желтоқсан айында басталады", - дейді Гундарев. Саяхатшыда әзірше тиісті қаражат жоқ, ол демеушілерден үміт күтеді.

Андрей Гундарев ғаламның ең биік жанартауы - Охос Дель Саладоға (6893 метр) көтерілген тұңғыш қазақстандық. Ол жуырда Грузия, Армения, Иран және Түркия елдеріне жасалған кезекті саяхатынан оралды. Бұл сапары барысында ол Азияның ең биік жанартауы - Ирандағы Демавендке (5610 метр) көтерілді.

(©Фотосуреттер Гундаревтің жеке мұрағатынан алынды)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети