17 ақпан 2016 10:55

Атыраулық студент қыз Қазақстан мен Финляндиядағы өмірді салыстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гауһартас Темірова. Фото: azh.kz Гауһартас Темірова. Фото: azh.kz

Қазақстандық жас ғалым Гауһартас Темірова Атырау облысы Қызылқоға ауданының Миялы ауылында туған. Ол Шығыс Финляндия Университетінде оқыған. 24 жастағы қыз қазақтың ұлттық сусыны шұбаттың ерекше емдік қасиетінің құпиясын ашуға ниетті, - деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.


Қазақстандық жас ғалым Гауһартас Темірова Атырау облысы Қызылқоға ауданының Миялы ауылында туған. Ол Шығыс Финляндия Университетінде оқыған. 24 жастағы қыз қазақтың ұлттық сусыны шұбаттың ерекше емдік қасиетінің құпиясын ашуға ниетті, - деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

Қазіргі уақытта ол "Түйе сүті мен шұбаттан бөлініп шығатын қышқылсүт бактериялардың антибиотиктерге деген тұрақтылығы" тақырыбында диссертация жұмысын жазып жатыр. Гауһартас Еуропада жетістікке жететініне сенімді. 

"Шұбат ата-бабамызға ауру-сырқаудан арылуға көмектескен, аштықтан құтқарған. Дәстүрлі сусындарымыздың ерекшеліктерін әлі де жете білмейміз. Түйе сүті мен шұбатты ішкенде адам ағзасына пайдалы бактериялар түседі. Қышқылсүт бактерияларынан тиімді препараттар жасап, оларды медицинаға, фармацевтикаға және азық-түлік өндірісіне беруге болады", - деп түсіндірді ол ғылыми жұмысының тақырыбын.

Ол шетелге қалай барғанын айтып берді: "2014 жылы қарашада біз, 32 магистрант семинарға барып, қатысып, дәрістер тыңдадық, зертхана жұмыстарымен айналысып, емтихан тапсырдық. Бір ай өткенде финдер бізге 11 студенттің тізімін жіберіп, сол тізімде менің де аты-жөнім көрсетіліпті. Содан барлық құжатты тіркеп, рәсімдеп, ақпанда Финляндияға аттандық. Ол жақта бір жылдай уақыт болдық, 2015 жылдың соңында оқуды аяқтап, үйге қайттық".


Фото: azh.kz

Финляндиядағы өмірін сипаттай келе, Атырау тұрғыны осы елдегі өмір мен Қазақстандағы өмірді салыстырғанын айтып берді. "Адамдардың ділі мен біздің адамдарымыз бен олардың ерекшеліктерін түсіне бастадым. Финляндия бір күндері Ресейдің құрамында болған, бірақ тәуелсіздікті бізден ерте алды. Бұл нағыз еуропалық ел. Халық спортпен шұғылданады, сондықтан да денсаулығы жақсы. Финдердің қымбат көлікпен немесе киіммен мақтанғанын көрмедік. Адамдар өте қарапайым, басым бөлігі велосипедпен жүреді, салауатты өмір салтын ұстанады. Өте сабырлы, ертеңгі күніне сенетін адамдар. Заңды бұзбайды. Ұрлық жайлы немесе тәртіпіздік туралы естімеппін. Қоршаған ортаны да ластамайды, адамдар табиғатты аялап ұстайды. Олар, мәселен, жүннен немесе қайыстан жасалған киім кимейді, тондар кимейді. Тон киген шетелдіктерді көрсе жақтырмайды...", - деп әңгімеледі ол.

Гауһартастың айтуынша, Финляндияда студенттермен танысып, қарым-қатынас жасау қызық болған, олардың басым бөлігі әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған. "Ол жақтың студенттерінде шпаргалка деген атымен жоқ. Плагиат қатаң жазаланады. Студенттер компьютер, интернет, құжаттарды басып шығару сияқты қызметтерді тегін алады. Барлық жағдай жасалған. Бастысы оқуға деген қызығушылығың болуы керек. Студенттерге түрлі жеңілдіктер қарастырылған: пойыз, ұшақтарда жүру, асханаларда", - дейді Гауһартас.

Студент қыз шетелдегі оқуынан өзіне келген пайда көл-көсір екенін айтады. "Біріншіден, түрлі елдерден достарым көп. Түрлі елдің ереклешіктерімен, менталитетімен, дәстүрімен таныстым. Саяхаттадым. Екіншіден, білім деңгейімді көтердім, ағылшын тілін де пысықтадым. Үшіншіден, уақытымды тиімді пайдалануды үйрендім. Ол жақта киім мен азық-түлік өте қымбат, қаражатты үнемдеуді де үйреніп алдым. Финляндия орман мен көлдің елі, тап-таза ауа. Табиғатты бағалап, оны аялауды үйрендім", - деді ол.

Гауһартас өз тақырыбын зерттейтін болса докторантураға түскісі келетін жоспарын бөлісті. Алайда отанына кеткісі келмейді екен. 

"Мен өз елімнен кетіп қалғым келмейді. Саяхаттап, оқысам да, шетелде қалып қойғым келмейді. Демалыс кезінде Еуропаның көп еліне бардық, ол жақта өмір сүру қолайлы. Бірақ отанымды ештеңе алмастыра алмайды", - деді жас маман.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети