12 наурыз 2014 16:14

АҚШ қауіпсіздік қызметі ғаламтордың жауы деп танылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Reporters sans frontieres ("Шекарасыз тілшілер") ұйымы АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі мен ағылшынның GCHQ арнайы қызметін ғаламтордың жауы деп тапты, бұл туралы Deutsche Welle жазады. Құқық қорғаушылар бұл құрылымдарды ғаламдық желідегі миллиондаған қолданушыны аңдып отырады деп айыптады. Халықаралық құқық қорғау ұйымы мұндай қорытындыны АҚШ ҰҚА-ның бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің ісін әшкерелеу әрекеттері негізінде жасап отыр. "Шекарасыз тілшілердің" пікірінше, арнайы қызметтер бағдарламалардың, ІТ-инфрақұрылымдардың көмегімен қасақана алдап-арбап, интернет-коммуникация тораптарынан миллиондаған жазықсыз адамның электронды хабарламаларын ұрлап әкетеді". Бұл туралы олар 12 наурыз - Интернет-цензураға қарсы күрестің бүкіләлемдік күніне арналған баяндамаларында толық мәлімдейді. Баяндамада АҚШ пен Ұлыбритания арнайы қызметтерінің интернетті "адамның жеке өмірі, сөз бен баспасөз бостандығы сияқты құқықтарына нұқсан келтіретін шамадан тыс еркін құралға" айналдырғаны айтылған. "Шекарасыз тілшілер" жетекшілерінің бірі Маттиас Шпилькамп мұндай әрекеттер батыс елдерінің Қытай, Сауд Арабиясы, Түрікменстан сияқты авторитарлы мемлекеттерге қатысты сындарына қайшы келеді деп есептейді. "Кімде-кім азаматтарға қатысты жаппай шпиондық әрекет жасайтын болса, соның өзі өзге үкіметтерді интернетке үлкен құрмет көрсетуге шақырып шыға келуі мүмкін", - дейді Шпилькамп.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети