16 тамыз 2014 19:37

АҚШ-та жасөспірімнің өліміне қатысты қарсылық шарасы тәртіпсіздікке ұласуда

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS/ Mario Anzuoni © REUTERS/ Mario Anzuoni

АҚШ-тың Калифорния штатында тәртіпсіздіктер жалғасуда, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті телеарналарға сілтеме жасай отырып.


АҚШ-тың Калифорния штатында тәртіпсіздіктер жалғасуда, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті телеарналарға сілтеме жасай отырып.

Тәртіпсіздік 16 тамызға қараған түні Калифорния штатындағы Окленд қаласында болған. Қалада тәртіпсіздік пен бұзақылық әрекеттер полиция қызметкерлерінің қара нәсілді жасөспірімді атып өлтіруінен кейін өршіп отыр.

Бұдан бұрын полицейлер 10 тамыз күні Фюргюсон қаласында 18 жастағы Майкл Браун есімді қара нәсілді жасөспірімді атып өлтірген. Осы оқиғадан кейін бірнеше күн қатарынан қарсылық шарасы ұйымдастырылып, оның соңы тәртіпсіздікке ұласып, қала тұрғындары полицейлермен қақтығысуға дейін барды. Полиция қорғану мақсатында тұрғындарға газ және жарақаттағыш қарулар қолдануда.

Ақпарат таратушылардың мәліметінше, тәртіпсіздіктер қазірдің өзінде тым өршіп тұр. Окленд қаласының бірнеше тұрғыны қаланың басты көшелерімен жүріп өтіп, уақытша автокөлік жолдарын жабуда.  Қалада қақтығыс болған, жанғыш, жарылғыш заттар қолданылған. Салдарынан бірнеше нысандар қирап, терезелер сынған. Мұндай қарсылық шарасы жасөспірімді өлтірген Фергюсон қаласында да болды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети