17 қазан 2014 | 10:29

АҚШ вице-президентінің ұлы кокаин қолданғаны үшін әскерден шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хантер Байден. ©РИА Новости Хантер Байден. ©РИА Новости

АҚШ вице-президенті Джозеф Байденнің ұлы кокаин қолданғаны үшін Әскери-теңіз күштері резервінен шығарылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы ақпарат Wall Street Journal газетінде жарияланды.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ вице-президенті Джозеф Байденнің ұлы кокаин қолданғаны үшін Әскери-теңіз күштері резервінен шығарылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы ақпарат Wall Street Journal газетінде жарияланды.

44 жастағы заңгер Хантер Байден Әскери-теңіз күштері резервіне өткен жылдың 7 мамырында алынған. Ол ӘТК-нің Норфолк қаласындағы қоғаммен байланыс бөлімшесінің құрамына энсин (АҚШ әскери флотындағы ең төменгі офицерлік шен) дәрежесінде енді. Байден қызмет орны бойынша есірткіге қарсы тексерілген кезде оның кокаин қолданғаны анықталды.

Әскерилердің айтуынша, Байденнің Әскери-теңіз күштері саласындағы карьерасы 2014 жылдың ақпанында аяқталған. Хантердің өзі 16 қазан күні флотта қызмет ету ол үшін үлкен құрмет болғанын және ӘТК қатарынан шығып қалуға себеп болған жайт үшін қатты өкінетінін мәлімдеді. Дегенмен ол өзінің әскер қатарынан не үшін шығарылғанын нақты айтпады. Айта кетейік, жоғары лауазымға 2009 жылдың 20 қаңтарында алынған Джозеф Байден ұлына қатысты оқиға жөнінде түсінік бермеді.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети