04 желтоқсан 2014 | 15:01

"Әл-Каида" содырлары АҚШ тұрғынын өлтіретінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©politikus.ru ©politikus.ru

"Әл-Каида" содырлары АҚШ-тан кепілге алынған Люк Сомерсті өлтіруге уәде етті, - деп хабарлайды WashingtonPost.


Иконка комментария блок соц сети

"Әл-Каида" содырлары АҚШ-тан кепілге алынған Люк Сомерсті өлтіруге уәде етті, - деп хабарлайды WashingtonPost.

"Әл-Каида" жауынгерлері 33 жастағы ер адамның видеоүндеуін Интернетке сәрсенбіде, 3 желтоқсанда жүктеді. "Тұтқында жүргеніме екі жылдан астам уақыт өтті. Бұл жақтан шығу үшін маған көмек керек. Мұнда менің өміріме қауіп төніп тұр. Мені босатуға бар мүмкіндіктеріңізді салыңыздаршы, көп рақмет", - деп мәлімдеді Сомерс үш минутқа созылған видеода. "Әл-Каида" жауынгерлері өз талаптарын орындауға АҚШ үкіметіне үш күн уақыт берді. Айта кетейік, тұтқынды босату үшін қандай талап қойылғаны видеороликте айтылмайды.

Люк Сомерс 2013 жылдың қыркүйегінде Йемен елінің астанасы Сананың адам көп жүретін көшесінде ұрланды. Ол бұл қалаға фрилансер-фотограф болып жұмыс істеуге келген. Басылымның мәліметінше, АҚШ арнайы тағайындалған бөлімшесі осыған дейін Сомерсті босатып алуға әрекеттенді, бірақ бұл операция сәтті болмады. "Біз Обаманы және АҚШ үкіметін қандай да бір ақылсыз әрекеттердің нәтижесі қиын болатынын ескертеміз", - деді "Әл-Каида" жауынгерлері.  

Еске сала кетейік, қыркүйекте "Әл-Каида" жауынгерлері Ирак аумағындағы "Ислам мемлекеті" тобының содырларын Ұлыбританияның ұрланған азаматы Алан Хеннингті босатуға шақырған еді. Топтың мүшелері оны азап шегіп жатқан мұсылмандарға шын мәнінде көмектесуге тырысқан әлеуметтік жұмысшы деп есептеген. Бұған қарамастан қазан айының басында "Ислам мемлекетінің" жауынгерлері британ азаматының басын алған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети