29 сәуір 2014 17:17

Америкалық пилот жоғалған ұшақ қалдықтарын таптым деп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©WIVB ©WIVB

АҚШ-та бұрынғы пилот Malaysia Airlines әуе компаниясының жоғалған ұшағының қалдықтарын таптым деп отыр, бұл туралы ұлыбританиялық DailyMail журналы хабарлайды.


АҚШ-та бұрынғы пилот Malaysia Airlines әуе компаниясының жоғалған ұшағының қалдықтарын таптым деп отыр, бұл туралы ұлыбританиялық DailyMail журналы хабарлайды.

60 жастағы Майкл Хобель осы уақытқа дейін TomNod.com сайтында спутниктік түсірілімдерді бақылап келгенін мәлімдеді. Пилоттың айтуынша, ұшақ қалдықтары Малайзияның солтүстік-шығыс жағалауында, Таиландтың Сонгкхла провинциясынан сәл шығысқа қарай жатыр. Дәлел ретінде ол ұшақ радардан көрінбей кеткен күні түсірілген суреттерді ұсынды.

Дегенмен пилот бұл қалдықтардың Boeing 777-200 ұшағыныкі екеніне күмәнмен қарап келген, сол себепті ресми мәлімдеме жасауға асықпаған. Жуырда ер адам бұл түсірілімдерді Федералдық тергеу бюросына және басқа да органдарға жөнелтті.

Еске сала кетейік, Malaysia Airlines-тің Boeing 777-200 ұшағы 8 наурыз күні сағат 00.41-де Куала-Лумпурден Бейжіңге ұшқан болатын. Оның бортында 239 адам болды. Әуеге көтерілгеннен бір сағаттан кейін лайнер радар экрандарынан көрінбей кетті. Содан екі айға жуық уақыт өтсе де, ұшаққа не болғаны, қайда кеткені әлі беймәлім.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети