14 маусым 2014 12:02

Барак Обама америкалықтардың сенімін жоғалтып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Президенті американдықтардың сенімін жоғалтып алды, деп хабарлайды  Lenta.ru Gallup институты жүргізген социологиялық сауалнамаға сілтеме жасап. 


АҚШ Президенті американдықтардың сенімін жоғалтып алды, деп хабарлайды  Lenta.ru Gallup институты жүргізген социологиялық сауалнамаға сілтеме жасап. 

Телефон арқылы жасалған бұл сауалнамаға 1207  адам қатысқан. Оларға Барак Обаманы бірнеше сипаттама бойынша бағалауды ұсынған. Сауалнамаға қатысқан адамдардың жартысынан аз бөлігі Барак Обама қарапайым американдықтар басынан өткеріп жатқан қиындықтардың  мәнін біледі деп жауап берген. Ал 47 пайыз адам елдің көшбасшысын адал әрі сенімге лайықты деген. Тек бірнеше пайыз адам ғана оның сенімді әрі табанды көшбасшы екеніне сенеді. 30 пайыздан астам қатысушылар Барак Обаманың АҚШ-тағы проблеммаларды шешудің нақты жолын білетінін  және ол елді тиімді басқара алатынын айтқан.

Жуырда Барак Обама француздың Twitter пайдаланушыларының сын садағына іліккен болатын. Олардың шамдарына Нормандия жеріне әскерилерді қондырғандарына 70 жылдық мерей тойын атап өту салтанатындағы президенттің сағыз шайнап отырғаны тиген. Оның бұл әрекетін француздар ұятты және масқара деп атаған. Бұған дейін Барак Обаманы Нельсон Манделаны жерлеу рәсімінде сағыз шайнап тұрғаны үшін сынаған еді. Айта кетейік, АҚШ басшысы сағыз шайнау арқылы темекіні қоюға тырысып жүр. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети