29 сәуір 2014 20:12

Эдвард Сноуден АҚШ басшыларымен мәмілеге келмекші

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден АҚШ басшыларымен мәмілеге келгісі келеді, - деп хабарлайды Газета.Ru.


Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден АҚШ басшыларымен мәмілеге келгісі келеді, - деп хабарлайды Газета.Ru.

Ол үшін Сноуден бұдан бұрын АҚШ басшыларымен кеңестік және ресейлік ақпаршыларының арасында келіссөздер жүргізген атақты америкалық қорғаушы Плато Качеристі жалдаған. Ол өз кінәсін мойындап және америкалық прокурорлармен мәмілеге келуді ойластырып отыр. 

Ақпарат көздерінің мәліметі бойынша, Сноуден Качеристі 2013 жылдың жазында жалдап қойған. Бірақ іс туралы келісім әлі аяқталмаған. 

Еске салайық, 2013 жылдың маусым айында Эдвард Сноуден  америкалық Ұлттық қауіпсіздік агенттігі күн сайын дүниежүзі бойынша 5 млрд адамның ұялы телефон қоңырауынан ақпарат жинайтынын жариялаған болатын. Кейіннен ол Гонконгтен Ресейге келген, бірақ Мәскеудің "Шереметьево" әуежайында бөгеліп қалған. Ал 1 тамызда Ресей оған бір жылға баспана берген. Айта кетейік, АҚШ Сноуденді құпия мәліметтерді заңсыз таратты деп айыптауда. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети