11 шілде 2014 | 09:33

Обама өзін сотқа бермек болған оппозицияның ісіне күле қарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Барак Обама өзін сот процесімен және импичментпен қорқытқан республикалық оппозицияның ісін келеке етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ президенті Барак Обама өзін сот процесімен және импичментпен қорқытқан республикалық оппозицияның ісін келеке етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

Техас штатының Остин қаласында сөз сөйлеген кезінде Обама "бәлкім мен оларға жай ұнамай қалған шығармын" деп мысқылдаған. Ақш президенті "олардың кейбірі оны сотқа беріп, импичмент жариялау керек" дейді. Шынымен? Шынымен бе? Не үшін? Сіздер мені өз жұмысымды істегенім үшін сотқа бермексіңдер ме?" деп кекесінмен жиналғандарды бір күлдіріп өтті. "Мен енді қайта сайлауға түспеймін. Сондықтан бұл айтқандарыңа түкіргенім бар", -деп сөзін жалғаған АҚШ президенті.

Кейбір тыңдаушылар ысқырық шалып Обаманың сөз сөйлеуіне кедергі жасаған. "Кешіріңіздер, не деп айғайлап тұрсыңдар? Отырыңыздар, мен сөзімді аяқтап қалдым. Сіздермен кейін оңаша сөйлесуге уәде беремін" деген Обама өзін қорғаушы Құпия қызмет агенттерінен лаң шығарушыларды залдан қуып шықпауды сұраған. Сонан соң президент 2013 жылдың қазанында мемлекеттік қарыз шегін көтеруге қарсы шығып, дефолтпен қорқытып, федеральді билікті қаржысыз қалдырғаны үшін тағы да республикалық оппозицияға шүйлікті.

Естеріңізге сала кетсек, республикалық партия өкілі Джон Бейнер өкілеттілігін асыра пайдаланды деп Обаманы сотқа беретінін мәлімдеген болатын. Республикалықтар Обаманы "қолындағы билікті пайдаланып өз саясатын жүргізіп отыр" деп айыптаған. Алайда АҚШ президенті мұның мүлде олай емес екенін айтады. Ол өзінің соңғы 100 жылда болған президенттер арасында ең аз қаулы шығарған президент екенін алға тартты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети