25 сәуір 2014 18:14

Обама Путиннің суға батуына жол бермейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Барак Обама Ресей президенті Владимир Путинді суға батып бара жатса құтқаратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ президенті Барак Обама Ресей президенті Владимир Путинді суға батып бара жатса құтқаратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Мен әрине, Путинді суға батып бара жатса құтқарамын. Мен мұндай жағдайда кез келген адамды құтқара алатыныма сенгім келеді. Мен жаман жүзгіш емеспін. Гавай аралдарында өстім. Тәжірибемде ондай  жағдайлар көп болды", - дейді Барак Обама. 

Еске салайық, 17 сәуірде Ресей президентімен тікелей байланыс барысында алты жасар қыз "АҚШ президенті Путин суға  батып бара жатса құтқара ма" деген сауал қойған болатын.

Бұған қатысты Ресей президенті саясаттан бөлек жекелеген адами  қарым-қатынастар да болатынын айта келе  осыған орай Ресей президенті АҚШ елінің  басшысын "байыпты адам" деп санайтынын айтқан.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети