04 мамыр 2014 09:46

11 исламистің жоғалған ұшаққа қатысы тексеріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Малайзиялық ұшақтың пилоттары  - Фарид Абдул Гамид пен Захари Ахмад Шах. ©РИА Новости Малайзиялық ұшақтың пилоттары - Фарид Абдул Гамид пен Захари Ахмад Шах. ©РИА Новости

Malaysia Airlines ұшағының жоғалуына 11 исламистің қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости. 


Malaysia Airlines ұшағының жоғалуына 11 исламистің қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости. 

Күдіктілер осы аптада Малайзия астанасында және елдің Кедах штатында ұсталған. Олар - Батыс елдері мен Американың мүддесіне қарсы қызмет ететін жаңа исламистік террорлық ұйымның өкілдері. Бұған дейін күдіктілердің террорлық әрекеттерге қатысы үшін ұсталғаны хабарланды, бірақ Федералдық тергеу бюросы мен МИ-6 құпия барлау қызметінің сұрауы бойынша олардан Malaysia Airlines ұшағының жоғалуы бойынша да жауап алынады.

"Ұшақты содырлардың айдап әкету ықтималдығы әлі де болса жоғары және шетелдік тергеушілер бұл жаңа террорлық құрылым жөнінде толыққанды баяндама сұратты", - дейді малайзиялық барлау қызметінің контртеррорлық бөлімшесінің өкілі Daily Mail басылымына. Ол күдіктілердің әзірше Malaysia Airlines ұшағына қатысы барын мойындамағанын айтты.

Daily Mail журналистері жоғалған лайнер бортында құжаттарда көрсетілмеген жеті тоннаға жуық жүк болғанын анықтады. Ұшақ бортындағы жүктердің тізімі мен пилоттар кабинасындағы әңгімелердің жария болғаны бұған дейін хабарланған еді. Жария етілген мәліметтер арасында сәйкессіздіктердің бары да хабарланған болатын.

Еске салайық, Куала-Лумпурден Бейжіңге ұшқан Boeing 777-200 авиалайнері 8 наурызға қараған түні радар экрандарынан жоғалып кеткен еді. Оның бортында 227 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі болды. 24 наурыз күні Малайзия премьері әуе көлігінің Үнді мұхитына құлағанын мәлімдеді, іздеу операциялары ұшақ қалдықтарын әлі күнге дейін таба алар емес.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети