91 жастағы кейуананың 260 мың адамның өліміне қатысы болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

91 жастағы кейуананың 260 мың адамның өліміне қатысы болуы мүмкін © Waralbum.ru

Германияның 91 жастағы тұрғыны Аушвиц-Биркенау канцлагерінде өлтірілген 260 мың адамның өліміне қатысы болғаны үшін айыпталып жатыр, - деп хабарлайды The Guardian. Прокуратураның мәліметінше, ол СС-ның мүшесі болып, лагерьде 1944 жылдың сәуірінен шілдесіне дейін жұмыс істеген.

Айта кетейік, жақында ғана СС-ның бұрынғы офицері Оскар Гренинг "Аушвиц" лагерінде 300 мыңға жуық адамды өлтіргені үшін төрт жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот процесі кезінде ол өз кінәсін мойындады. Сотталушы есепші болып қызмет еткен. Ол лагерьге жаңадан келгендерді қабылдау кезінде де болған. Сондықтан да сот оны "ұлттық-социалистік режимді қолдап, адамдарды жаппай қыруға қатысқаны үшін" кінәлі деп тапты.

"Аушвиц" - Польшада орналасқан, 1940-1945 жылдары адамдарды өлтіру үшін қолданылған лагерь. Онда шамамен 1,4 миллион адам өлтірілді. Олардың 1,1 миллионы еврейлер болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети