05 қаңтар 2015 16:18

AirAsia әуе апаты құрбандарының туыстарына 24 мың доллардан төлейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

AirAsia ұшағы апатынан қайтыс болғандардың туыстарына 24 мың доллардан ақша төленеді, - деп хабарлайды РИА Новости өзге ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Бұған дейін қаза болғандардың отбасыларына 8,3 мың доллардан ғана өтемақы төленетіні хабарланған еді.


AirAsia ұшағы апатынан қайтыс болғандардың туыстарына 24 мың доллардан ақша төленеді, - деп хабарлайды РИА Новости өзге ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Бұған дейін қаза болғандардың отбасыларына 8,3 мың доллардан ғана өтемақы төленетіні хабарланған еді.

AirAsia лайнерінің апатынан қаза тапқандардың отбасындағы әрбір адам алдын ала өтемақы ретінде 24 мың доллардан алады. Free Malaysia Today жаңалықтар порталы AirAsia компаниясының жолаушылардың туыстарына осындай мазмұнда хат жолдағанын хабарлайды. Хатта әуе компаниясы өтемақы туралы нақты ұсыныстар жасап, бұл қаражаттың олардың туысқандарының өлімін растаудың белгісі емес екенін айтқан. Қаражат іздестіру операциясы кезінде отбасыларды материалдық жағынан қолдау үшін беріліп отыр. 

"Хат мәтініне сәйкес, отбасылардағы әр мүшесі 24 мың доллардан ақша алуға құқығы бар", - деп жазады портал. 

Мұның алдында Wall Street Journal газеті қаза тапқандардың отбасына 8,3 мың доллар ғана төленетінін хабарлаған болатын. Себебі Индонезия Монреаль конвенциясына қосылған жоқ және 1929 жылғы халықаралық келісімді сақтамайды. Ал бұл келісімді сақтамайтын әуетасымалдаушылардың жолаушылардың алдындағы жауапкершілігі өте төмен деңгейде делінген. 

Airbus ұшағы Индонезияның Сурабая қаласынан Сингапурға 28 желтоқсанда ұшып кеткен болатын. Бір сағатқа жетпей ұшқыш қолайсыз ауа райына байланысты бағыты мен ұшу биіктігін өзгертуге рұқсат сұрайды. Ол бұлтты аймақты айналып өтуге рұқсат алады, бірақ басқа ұшақтар да ұшып жүргендіктен оған биіктікті өзгертуге тыйым салынады. Бұдан кейін лайнер алдын ала апат белгісін бермей, радар экрандарынан жоғалып кетеді. Бұл уақытта ол индонезиялық Банка-Белитунг провинциясының Танджунгпандан қаласының оңтүстік-шығысында шамамен 100 теңіз милі шақырымында болады. Ұшақ бортында 162 адам отырған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети