14 қараша 2015 09:18

Facebook әлеуметтік желісі Париждегі терактілерге байланысты ерекше қызмет қосты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Facebook әлеуметтік желісі Париждегі жүрген қолданушылардың қауіпсіздікте екененін және терактілер кезінде зардап шекпегенін хабарлайтын ерекше қызметін іске қосты, - деп хабарлайды Lenta.Ru.


Facebook әлеуметтік желісі Париждегі жүрген қолданушылардың қауіпсіздікте екененін және терактілер кезінде зардап шекпегенін хабарлайтын ерекше қызметін іске қосты, - деп хабарлайды Lenta.Ru.

Ал қалған қолданушылар достарының арасында біреу-міреудің қауіпті аймақта болған-болмағанын тексере алады. Бұл қызмет "қажетті ақпаратты дереу алып, апат орнындағы достармен жылдам байланысу" мүмкіндігін ұсынады. Егер сіз олардың жүрген мекенінің қауіпті екенін білсеңіз, оларға дереу хабар бере аласыз. 

Сонымен қатар, "Facebook қауіпсіздігін тексеру" аясында Парижде болған террорлық шабуылдар жайлы ақпараттық анықтама жазылған және Иль-де-Франс өңірінің картасы ұсынылған. 

Еске салайық, Париждегі театрды басып алған террорлардың өлгенін Франция президенті Франсуа Олланд растады. Теракт серияларынан CNN мәліметінше, кем дегенде 153 адам қаза болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.  

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети