30 сәуір 2014 14:07

Malaysia Airlines ұшағының негізгі іздеу жұмыстары тоқтатылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Malaysia Airlines әуе компаниясының жоғалған ұшағын іздеу жөніндегі операциялар жаңа кезеңге көшті, бұл кезеңде ұшақ қалдықтарын әуеден белсенді түрде іздеу тоқтатылады, - деп хабарлайды РИА Новости Іздеулердің үйлестіру орталығына (JACC) сілтеме жасап.


Malaysia Airlines әуе компаниясының жоғалған ұшағын іздеу жөніндегі операциялар жаңа кезеңге көшті, бұл кезеңде ұшақ қалдықтарын әуеден белсенді түрде іздеу тоқтатылады, - деп хабарлайды РИА Новости Іздеулердің үйлестіру орталығына (JACC) сілтеме жасап.

JACC хабарламасында таяудағы апталарда ұшақ қалдықтары Үнді мұхитының түбінен іздестірілетіні айтылған. Австралия өзінің Lockheed AP-3C Orion патрульдік ұшағын Перт қаласында қалдырмақшы. Ал өзге елдер іздеуге тартылған әуе техникаларын қайтарып алып жатыр. "Франс Пресс" агенттігінің мәліметінше, АҚШ, Жаңа Зеландия, Жапония, Малайзия елдері өз ұшақтарын қайтарып алатынын растады. Қытай әзірше ешқандай мәлімдеме жасай қойған жоқ.

"Негізінде, мұхит бетінен іздеу жұмыстары аяқталып жатыр. Біз онда бірнеше кемені қалдырамыз, тағы бірнеше кеме күту режиміне ауысады, бірақ ауқымды іздеулер түгел тәмамдалды", - дейді JACC өкілі. 

Іздеу Үнді мұхитының спутниктік мәліметтер бойынша ұшақ өз сапарын аяқтаған тұсында жүргізілген еді. Соңғы уақытқа дейін іздеу операцияларына сегіз ел қатысты. Бұл жұмыстармен бір мезгілде ұшақ қалдықтарын әуеден іздеу және Үнді мұхитының түбінен Bluefin-21 суасты аппаратының көмегімен сканерлеу жүргізілді. Суасты аппараты ұшақтың қара жәшігінен шығуы мүмкін дабылдардың бірі қабылданған тұстан ұшақ қалдықтарын таппады. Содан кейін аппарат өзінің негізгі іздеу аймағында тексеру жұмысын аяқтады, бұдан соң операцияның жаңа кезеңіне көшу туралы хабарланды.

Ал америкалық пилот Майкл Хобель TomNod.com сайтындағы спутниктік түсірілімдердің негізінде жоғалған ұшақ қалдықтарын тапқанын мәлімдеген болатын. Пилоттың айтуынша, ұшақ қалдықтары Малайзияның солтүстік-шығыс жағалауында, Таиландтың Сонгкхла провинциясынан сәл шығысқа қарай жатыр.

Куала-Лумпурдан Бейжіңге ұшқан Malaysia Airlines компаниясының Boeing 777-200 авиалайнері 8 наурызға қараған түні із-түссіз кеткен еді. Оның бортында 239 адам болды. Малайзия премьер-министрі Наджиб Разақ спутник мәліметтеріне жасалған талдау негізінде ұшақтың Үнді мұхитының оңтүстік бөлігіне құлағанын мәлімдеді. Апаттан ешкім аман қалған жоқ деп шамаланып отыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети