12 маусым 2015 06:48

А320 ұшағының екінші ұшқышы әуе апаты сәтінде лайнерді басқаруға жарамсыз болған - прокурор

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Францияда әуе апатына ұшыраған Airbus А320 ұшағының екінші ұшқышы оқиға сәтінде ұшуға жарамсыз болған. Бұл туралы Марсель прокуроры Брис Робен мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Францияда әуе апатына ұшыраған Airbus А320 ұшағының екінші ұшқышы оқиға сәтінде ұшуға жарамсыз болған. Бұл туралы Марсель прокуроры Брис Робен мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ол Лубитцтің жүйке жүйесінде ауытқушылық бар болғанын және күйзелісте әрі тұрақсыз жағдайда екенін, соның салдарынан ұшақты басқаруға мүмкіндігінің болмағанын айтты. Сонымен қатар, Лубитц көру қабілетінен айырылудан қорыққан. Ол сөніп-жанып тұратын оттарды көретіндігі үшін мазасы кететінін айтқан. Робеннің келтірген мәліметтеріне қарағанда екінші ұшқыш әуе апатына дейін жеті дәрігердің қарауында болған, оның ішінде үш мәрте психиатрмен кеңескен. Ал бес жылдың ішінде ол дәрігердің көмегіне 41 рет жүгініпті.

Еске сала кетейік, Germanwings әуе компаниясының Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған Airbus A320 ұшағы 24 наурызда француздың Альп тауларының қол жеткізуге қиын аймағында апатқа ұшыраған еді. Нақтыланған деректер бойынша, 150 адам қаза тапты. Жолаушылардың арасында Қазақстан азаматтары болған. Табылған "Қара жәшіктердегі" жазбаларды зерттеген мамандар лайнердің екінші ұшқышы - Германия азаматы Андреас Лубитцтің қасақана әрекетінен апатқа ұшырағанын мәлімдеді. Тергеу қорытындысы бойынша, Лубитцтің көп уақыт бойы күйзелістен емделіп жүргені, соңғы айларда Интернеттен суицид жасау туралы мәліметтер іздегені анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети