04 қыркүйек 2014 14:38

Адвокаттар Әлиевтің кінәсіздігі туралы дәлелдерінің біразынан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рахат Әлиев. ©youtube.com Рахат Әлиев. ©youtube.com

Рахат Әлиев 16 қыркүйек күні Венада сот алдына келеді, - деп хабарлайды Forbes. Басылымның мәліметінше, оның адвокаттары қорғауындағы адамының кінәсіз екенін дәлелдейтін айғақтарының бір бөлігін қайтып алды.


Рахат Әлиев 16 қыркүйек күні Венада сот алдына келеді, - деп хабарлайды Forbes. Басылымның мәліметінше, оның адвокаттары қорғауындағы адамының кінәсіз екенін дәлелдейтін айғақтарының бір бөлігін қайтып алды.

Әлиевтің адвокаттары кейбір саясаткерлердің бұрынғы қазақстандық елшіге қастандық жасағанын дәлелдейтін құжаттарды пайдаланбауды ұйғарған. Оған сарапшының аталған дәлелдерді Әлиевтің өзі қолдан жасады деп қорытынды шығаруы себеп болды. 

Бұл дәлелдерді зерттеумен белгілі сарапшы Гидеон Эпштейн айналысты, ол нацистік әскери қылмыскерлердің әрекетін әшкерелеумен танымал. Маман Рахат Әлиевтің жалған құжат жасауды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс істеген кезінде үйренуі мүмкін екенін атап өтті. Еске сала кетейік, 1999-2000 жылдары ол Алматы қаласы бойынша ұлттық қауіпсіздік департаментінің бастығы, кейін ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болған еді.

Басылымның хабарлауынша, Әлиев ұзақ жыл бойы өзін қуғынға ұшыраған "өжет диссидент" ретінде көрсетуге тырысты. Ол бұқаралық ақпарат құралдарына АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон, Орталық барлау басқармасының бұрынғы басшысы Джеймс Вулси және Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр тарапынан өзіне қарсы үлкен қастық әрекеттері жасалғанын айтып, түрлі құжаттарды ұсынған. 

Forbes-тің мәліметінше, Австрия билігі Рахат Әлиевтің бұл құжаттарды қолдан жасағанын дәлелдейтін мол ақпарат тапқан. Прокурорлар бұрынғы елшінің Skype-тегі әңгімелерін талдады. Прокуратура анықтаған ақпараттардың бір бөлігі еуропалық ақпарат құралдарында жарияланды. Австрияның Weiner Zeitung басылымы Әлиевтің өзінің сыбайласымен бірге Тони Блэр мен, Австрияның бұрынғы канцлері Альфред Гузенбауэрдің қастандыққа қатысы туралы жалған хаттарды талқылағанын жария етті.

Айта кетейік, 16 қыркүйек күні Рахат Әлиевтің тұтқындау мерзімі аяқталады. Вена прокуратурасы өкілдерінің Tengrinews.kz-тің ресми сауалына қайтарған жауабында бұрынғы елшіге әзірше айып тағылмағаны айтылған. Прокуратура өкілдері Әлиевтің кінәсіне қатысты Қазақстаннан алынған дәлелдердің іс материалдарына қосылғанын да хабарлады. 

Еске сала кетейік, Қазақстанда Рахат Әлиевті 40 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған болатын. Тергеудің мәліметінше, ол 2007 жылы екі банкир - Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновті ұрлап әкеткен, олардың мәйіттері 2011 жылы табылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети