15 сәуір 2022 09:29

АҚШ алғашқы COVID-19 тыныс алу сынамасын мақұлдады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) COVID-19 диагнозын қою үшін тыныс алу сынамасын қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі FDA сайтына сілтеме жасап.


АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) COVID-19 диагнозын қою үшін тыныс алу сынамасын қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі FDA сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, InspectIR COVID-19 сынамасының тиімділігі 2,4 мыңнан астам адам қатысқан зерттеу барысында расталды, оның ішінде коронавируспен ауыратындар да, сау адамдар да бар. Нәтижесінде, тест вирус жұқтырған оң жағдайлардың 91 пайызын дұрыс анықтаған.

"Бүгінгі шешім бұл - COVID-19 диагностикалық сынақтарында болатын жылдам инновацияның тағы бір мысалы", - деді FDA медициналық құрылғылар мен Радиология орталығының директоры Джефф Шурен.

Inspector COVID-19 SARS-CoV-2 вирусымен байланысты тыныс алу үлгілеріндегі химиялық қосылыстарды бөлу және анықтау үшін масс-спектрометриялық детекциялау (GX-MS) газды хроматография әдісін қолданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.96   490.7   4.97 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети