06 наурыз 2014 22:12

АҚШ Ресейге қатысты санкция жарияламақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ президенті Барак Обама Украинадағы жағдайға қатысы бар тұлғаларға санкция жариялауға тапсырма берді, - деп хабарлайды AFP. Осыған байланысты бұдан былай АҚШ ресейлік және украиналық тұлғаларға виза беруді шектейді. Сондай-ақ Обама АҚШ компанияларымен байланысы бар ресейлік шенеуніктердің активтерін тоқтатуды, осыған байланысты шенеуніктердің тізімін жасауды тапсырды. Бірақ әзірге мұндай санкицяға енуі тиіс шенеуніктердің тізімі жасала қоймағанын айта кетуіміз керек. Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу барсында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри "Санкцияның енгізілуі атмосфераны одан әрі басып, тығыздап ушықтыра түседі" деген болатын. Егер қайсыбір Ресей азаматтарының АҚШ-та активтері тоқтатылса, америкалық бизнестің Ресейден кетуі ықтимал екенін, ресейлік банктерге қарсы санкция енгізуі әкімшілікті ресейлік жеке инвесторлардың активтерін тоқтатуға және Ресей азаматтарына виза беруді шектеуге шақыратынын, бұл атмосфераны одан әрі басып тығыздап ушықтыра түсетінін баса айтқан Джон Керри: "әзірге мұндай тізімнің жарияланбағанын тек президент тарапынан тапсырма берілгенін" - мәлімдеп отыр. Ал АҚШ-та Еуропа істері жөніндегі сенаттың қосалқы комитетін басқаратын Крис Мерфи АҚШ Еуропалық Одақпен ақылдасып, келіспестен Ресейге қатысты санкция туралы шешім қабылдамауы тиіс екенін мәлімдеп, "егер Еуроодақ санкция жарияламаса тек қана АҚШ-тың санкция жариялауы Ресейге анағұрлым әсер етпейді" деген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети