11 қараша 2016 13:12

АҚШ-та Трампқа қарсы наразылықтар тәртіпсіздікке ұласты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Портлендте Дональд Трамптың АҚШ президенті болып сайлануына қатысты наразылықтар тәртіпсіздікке ұласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Oregon Live басылымына сілтеме жасап.


Портлендте Дональд Трамптың АҚШ президенті болып сайлануына қатысты наразылықтар тәртіпсіздікке ұласты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Oregon Live басылымына сілтеме жасап.

Полициядағылардың айтуынша, наразылыққа шыққандар тастармен қаруланған. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жиналғандарды тоқтатуға тырысты.

Айта кетейік, халықтың наразылыққа шығуының салдарынан кем дегенде 19 автокөлік бүлінген. Әзірше зардап шеккендер мен ұсталғандар жайлы мәлімет жоқ.

Ал Дональд Трамп болса БАҚ өкілдерін осы наразылықтарды арандатты деп айыптап, бұл жағдайды әділетсіз деп айтты. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Жаңа ғана президент сайлауы ашық өтіп, сәтті аяқталды. Ал қазір БАҚ өкілдері арандатқан халық наразылық көрсетіп, митингке шығып жатыр. Өте әділетсіз!", - деп жазды Трамп.

Еске сала кетейік, 9 қарашада Дональд Трамп АҚШ президенті болып cайланған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, Трамп сайлаушылардың 279 дауысын жинаса, Клинтон сайлаушылардың 218 дауысын жинаған. Ал кейінірек Трамп әлем жұртшылығына сөз арнады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети