28 желтоқсан 2021 18:02

Әлемдегі ең жас республика мерзімінен бұрын сайлау өтетінін жариялады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Барбадоста патшайым Елизавета II мемлекет басшысы лауазымынан кеткеннен кейін мерзімінен бұрын жалпыхалықтық сайлау өтетінін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Барбадоста патшайым Елизавета II мемлекет басшысы лауазымынан кеткеннен кейін мерзімінен бұрын жалпыхалықтық сайлау өтетінін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Барбадос премьер-министрі Миа Моттли мерзімінен бұрын өтетін жалпы сайлау 19 қаңтарда болатынын айтты. Бұрын Ұлыбританияның колониясы болған ел қазан айында Сандра Мейсонды елдің тұңғыш президенті етіп сайлады, ол 30 қарашада республика басшысы ретінде ант берді.

Мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешімді түсіндіретін саяси үндеуде Моттли өз үкіметінің экономикалық және қаржылық жетістіктерін айтты және COVID-19 пандемиясының елдің маңызды туристік секторына келтірген залалына қарамастан, ел экономикасы қалпына келеді деп мәлімдеді.

Моттлидің өзі Барбадос Еңбек партиясының жетекшісі және 2018 жылдың мамырында бес жылдық мерзімге сайлауда жеңіске жеткен елдің бірінші әйел премьер-министрі болды. Барбадос Еңбек партиясы 2018 жылғы сайлауда Барбадос парламентінің төменгі палатасындағы барлық 30 орынды жеңіп алды және қазіргі уақытта сол орындардың 29-ын сақтап қалды.

Дауыс беру 19 қаңтарға, ал кандидаттарды ұсыну күні 3 қаңтарға белгіленеді.

Бұған дейін Барбадос Елизавета II билігінен бас тартып, ресми түрде республика болды. Ел тәуелсіздігінің 55 жылдығына орайластырылған шараға Чарльз ханзада мен Барбадос әншісі Рианна қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.25   490.7   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети