21 қазан 2014 | 22:36

Әлеуметтік желіде "Внуковода" апатқа ұшыраған ұшақтың фотолары жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com © vk.com

Мәскеудің "Внуково" әуежайында Falcon-50 ұшағының апатқа ұшырағанын көзімен көрген екі адам РИА Новости агенттігіне кейбір мәліметтерді айтып берді. Олардың айтуы бойынша, қар тазалайтын машина екі жолақтың қиылысқан жеріне келгенде қайғылы оқиға болған. 


Иконка комментария блок соц сети

Мәскеудің "Внуково" әуежайында Falcon-50 ұшағының апатқа ұшырағанын көзімен көрген екі адам РИА Новости агенттігіне кейбір мәліметтерді айтып берді. Олардың айтуы бойынша, қар тазалайтын машина екі жолақтың қиылысқан жеріне келгенде қайғылы оқиға болған. 

Куәгерлердің бірі қар тазалайтын машина Falcon ұшағының екінші ұшу жолағында жұмыс істегенін айтады. Ұшақта Total мұнай компаниясының президенті Кристоф де Маржери болған еді. 

"Ұшу жолағына қар тазалайтын машинаның баруына тыйым салынған. Бірақ бәрі көзді ашып-жұмғанша тез болып кетті, мұнда ештеңе анық көрінбегендіктен де осындай жағдай болды", - дейді диспетчер.

Ұшақ апатынан кейін ғаламтордағы әлеуметтік желілерде бірден жарылған ұшақтың суреттері пайда болды. Фотоларды "ВКонтакте" желісіндегі топтардың бірі жариялапты. 

Таңертеннен бастап БАҚ оқиға орнынан суреттер жариялай бастады. 

 

Сарапшылардың пікірінше, Falcon-50 ұшағының ұшқышы қиын жағдайда қалған көрінеді. КСРО-ның Еңбек сіңірген ұшқышы Олег Смирновтың айтуынша, бұл апатта ұшқыштың кінәсі болуы мүмкін емес.

"Ұшу жолағында қар тазалайтын машина пайда болған кезде ұшақ жылдамдық алып үлгерген. Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен, 300 метр қашықтықты көру мүмкіндігімен қандай да бір әрекет жасау мүмкін емес. Тіпті қандай ұшақ болса да, мұндай жағдайда апатқа ұшырайды, ал Falcon неше мәрте өзінің қауіпсіз екенін дәлелдеген".  

Смирнов Falcon-50 ұшағының ұшқышына ұшу жолағында қар тазалау жұмыстарының жүріп жатқанын алдын ала ескертіп, арнайы техниканың тұратын орнын көрсету керек болған деп санайды. Сондықтан сарапшының пікірінше диспечерлерді қатаң тексеруден өткізу керек.

Әуедиспетчері Игорь Кирилюк өз кезегінде әуедиспечерлерінің кінәсі жоқ екенін айтады. Оның айтуынша қар тазалағыш машинаның жүргізушісі қатаң уақыт тәртібімен жұмыс істеген. Ал ұшақтың оған соғылуына басқа жағдай себеп болуы мүмкін. 

"Маған белгілісі қар тазалайтын машинаны екі ұшу жолағының қиылысқан жеріне қойған. Оның сол жерге тоқтауға құқығы бар. Мен оның қанының құрамында алкогольдің болғанын жақтап отырған жоқпын, бірақ қар тазалаушыны да осы оқиғаға тікелей кінәлі деп тануға ертерек" - дейді Кирилюк.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қазанға қараған түні апатқа ұшыраған Falcon-50 ұшағының жарылуына диспетчерлер мен қар тазалаушы әрекетінің себеп болғаны айтылуда. Falcon-50 жеке меншік ұшағының ұшқыштары ұшуға рұқсат алған. Алайда жылдамдық алған ұшақ ұшу жолағында қар тазалайтын машинаға барып соғылады. Соққыдан аударылып кеткен ұшақ жарылып, ұшақтың бөлшектері 200 метрге дейін шашылған.

Әуе апатынан Total мұнай компаниясының президенті  Кристоф де Маржери және ұшақ экипажы қаза тапты. Үшеуі Франция азаматтары: бортсерік Рассья Перафорья Максим Жан Мари, Фалюк Руслана және Пикан Яннь Жак Жозеф.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети