15 қазан 2017 11:43

Алмазбек Атамбаев сайлаудан кейін немен айналысатынын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаев қызметінен кеткен соң немен айналысатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаев қызметінен кеткен соң немен айналысатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атамбаев сайлау учаскесінде журналистердің сұрақтарына жауап берді. Атамбаев кейін де шығармашылықпен айналысатынын айтып өтті.

"Шығармашылық пен саясатты бірге алып жүруге болады. Сіздер қорықпаңыздар, мен президент немесе премьер-министр болайын деп жатқан жоқпын. Осыған дейін де 30 жыл бойы саясатпен айналысқанмын. Ол маған өлең жазуға не проза жазуға, тіпті ән жазуға кедергі келтірген жоқ", - деді Атамбаев.

"Мен өзімнің бірде-бір әрекетімнен қорықпаймын. Қырғызстанда қаламын, әрбір сөзім үшін, әрбір әрекетім үшін жауап беремін. Жасыратын ештеңем жоқ. жасырынбаймын да. Халық алдында, Құдай алдында жауап беруге дайынмын", - деді Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаев.

Айта кетейік, бүгін, 15 қазанда Қырғызстанда президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлауға 11 үміткер қатысып отыр: Эрнис Зарлыков, Токтоайым Уметалиева, Темир Сариев, Улукбек Кочкоров, Таалатбек Масадыков, Омурбек Бабанов, Арстанбек Абдылдаев, Азимбек Бекназаров, Сооронбай Жээнбеков, Адахан Мадумаров пен Арсланбек Малиев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети