Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев ұстау кезінде қарсылық көрсетіп, Конституция мен заңдарды өрескел бұзды. Бұл туралы мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбеков Қауіпсіздік кеңесі барысында айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев ұстау кезінде қарсылық көрсетіп, Конституция мен заңдарды өрескел бұзды. Бұл туралы мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбеков Қауіпсіздік кеңесі барысында айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Алмазбек Атамбаев заң аясында жүргізілген тергеу операциялары барысында қарсылық көрсетіп, Қырғыз Республикасының Конституциясы мен заңдарын өрескел бұзды", - деді Жээнбеков.
Президент Қырғыз Республикасының құқықтық мемлекет екенін айтып өтті.
Осыған байланысты Жээнбеков Қауіпсіздік кеңесі мүшелеріне заңды орындау аясында елдің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігі үшін барлық іс-шараны жүргізуі керектігін айтты.
Сооронбай Жээнбеков 2017 жылдың қазанында өткен президент сайлауында 4,75 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен еді.
Атамбаевты ұстауға талпыныс: Оқиғаның хронологиясы
Еске салайық, кеше, 7 тамызда Қырғызстанда Атамбаевты ұстау операциясы жүріп жатқаны хабарланған еді. Президенттің резиденциясы айналасында тікұшақ ұшып жүргені айтылған болатын. Журналистердің мәліметінше, Атамбаевтың жақтастары кірген киіз үйге жарық-дыбыс гранатасы лақтырылған.
Кейінірек Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеме жасаған болатын. "Атамбаевтың аузын жабу үшін билік өз халқына оқ атуға дайын. Қарапайым халыққа, қырғызстандықтарға алғысым шексіз, олар жиналып, мені ұстап әкетуіне жол бермеді. Биліктегілерге ойлану керек, біз тізерлеп жүріп өмір сүретін халық емеспіз", - деген еді экс-президент мәлімдемесінде.
Арнайы жасақ берілді: Атамбаевтың жақтастары олардың қаруын тартып алған