26 шілде 2017 10:38

Аустралияда адам өлтірген қылмыскер 6 жыл бойы зообақта тығылып, пілдің тамағын ұрлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Вести.ru © Вести.ru

Аустралиялық адам өлтіруші Малкольм Наден алты жыл бойы зообақта тығылып жүрген. Daily Mail мәліметінше, ол жануарлардың тамағын ұрлаған. 


Аустралиялық адам өлтіруші Малкольм Наден алты жыл бойы зообақта тығылып жүрген. Daily Mail мәліметінше, ол жануарлардың тамағын ұрлаған. 

БАҚ мәліметінше, Наден 2005 жылы екі адамды өлтірген, сонымен қатар 15 жастағы қызға зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Ол құқық қорғау органдарынан зообақта тығылған. Наден пілдерге арналған бананды ұрлап, мейрамхана артындағы мерзімі өткен тамақтарды қорек еткен. Мүйізтұмсықпен бірге ұйықтайтын болған. 

Ер адам 2012 жылға дейін жасырынып келген. Алайда зообақ қызметкерлерінің бірі жыртқыштар мекенінің аумағында болып жатқан түсініксіз жағдайларды байқаған. Ол көрген адамына зообақ қызметкерінің досымын деп айтатын болған, сондай-ақ сүт пен нан жоғалатыны да байқалған. Зообақ басшылығы осыны естіп, полиция шақырған. 

Полиция тамаққа тосқауыл қойды, сол кезде қарны ашқан Наден галапагостық тасбақаның басын жұлып, іш құрылысын жеп қойған. Наден зообақ аумағынан қашып құтылған, бірақ ол ақыры ұсталған. Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети