24 қараша 2017 15:36

Бабанов қырғыз елінің жаңа басшысына ашық хат жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Омурбек Бабанов. © Tengrinews.kz Омурбек Бабанов. © Tengrinews.kz

Қырғызстан президенттігіне экс-үміткер Омурбек Бабанов Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жээнбековке ашық хат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қырғызстан президенттігіне экс-үміткер Омурбек Бабанов Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жээнбековке ашық хат жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Facebook желісіндегі парақшасында жаңа президентті қызметімен құттықтады.

"Мұнымен қоса, өз атымнан біздің халқымыздың сенімі мен үміті жайлы айтқым келеді. Сооронбай Шәріпұлы, бүгін сізге үлкен тапсырма берілді - Алмазбек Шәршенұлы Атамбаев негізін қалаған елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты жалғастыру. Халқымызды гүлдендіріп, Қырғызстандағы демократиялық және құқықтық мемлекеттің негізін дамыту", - деп жазды Омурбек Бабанов.

Сондай-ақ, ол Қырғызстанның бірлігі мен бүтіндігі - халықтың ең басты құндылығы екенін айтып өтті.  

"Мен Қырғызстан халқы адал, әділетті және азаматтарға таңдау еркіндігін беретін басшыны қолдайды деп сенемін. Ал біздің Қырғызстан өзінің заңын ұлықтай алатынын көрсете отырып, өзімізде және әлемде үлгі тұтарлық мемлекетке айналады", - деп жазды Омурбек Бабанов.

 Айта кетейік, бүгін, 24 қарашада Сооронбай Жээнбеков ресми түрде Қырғызстан президенті қызметіне кірісті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети