02 наурыз 2016 14:26

Баланың басын кесіп алған әйел қылмысқа арандатушылықтан барған - тергеуші

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Gorod55.ru © Gorod55.ru

Мәскеудің құқық қорғау органдары бала күтуші әйел Гүлчехра Бобокулованы сәбиді өлтіруге арандатушылық жасаған адамдарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Пресненский сотында хабарланды, күдіктіні қамауға алу туралы мәселе осы сотта қаралады. Сонымен қатар, Бобокулова өзін қамауға қарсы емес екен.


Мәскеудің құқық қорғау органдары бала күтуші әйел Гүлчехра Бобокулованы сәбиді өлтіруге арандатушылық жасаған адамдарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Пресненский сотында хабарланды, күдіктіні қамауға алу туралы мәселе осы сотта қаралады. Сонымен қатар, Бобокулова өзін қамауға қарсы емес екен.

"Қазіргі уақытта қылмысқа айдап салғандар бостандықта жүр, олар іздестіріліп жатыр", - деді адамдардың аты-жөнін нақтыламаған Тергеу комитетінің өкілі. 

Еске салайық, бала бағушыны ұстау операциясы 40 минутқа созылған еді. Полицейлер осыншалықты көп уақыт жұмсауының себебін адамдардың өміріне қауіп төндіргісі келмегендерімен түсіндірді. "Оны бастапқыда ұстау қауіпті болды: ойсыз ұстау әрекеті айналадағы адамдар мен қызметкерлердің өліміне әкеп соғуы мүмкін еді. Бірінші міндет - оны барынша жылдам бақылауға алып, адамдарды эвакуациялау. Қызметкерлердің бірі әйелден қашып кетті, бұл видеода бар. Бұл қорқақтық емес, ол осылай жасауға міндетті болды. Ол метродан шығатын есікті жабуға кетті, ол жақтағы адамдарды тоқтатуы керек болды", - деді полицейлер.

Еске салайық, 29 ақпанда 38 жастағы өзбек әйел Гүлчехра Бобокулова "Октябрьское поле" метро станциясының алдында ұсталған еді, әйелдің қолында қыздың кесілген басы болған, әйел өзін жарып жіберетінін айтқан. Народное Ополчение көшесінде орналасқан пәтерде бала бағушы өзі бағып отырған 4 жасар қызды аса қатыгездікпен өлтірген, кейін оқиға орнын өртеп, өзі қашып кеткен. Осыдан кейін ол метро станциясының алдына келіп, тұрған. Осы сәтте полицейлер оған жақындағанда әйел сөмкесінің ішінен бүлдіршіннің кесілген басын шығарып көрсетіп, өзін жарып жіберетінін айтқан. Ол ұсталған. Осы іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети