09 қаңтар 2017 14:12

Башар Асад Астанадағы келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pikabu.ru © pikabu.ru

Сирия президенті Башар Асад Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters.


Сирия президенті Башар Асад Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Reuters.

Башар Асад делегацияның барлық сұрақты талқылауға дайын екенін айтып өтті. Алайда Астанаға нақты кімнің баратыны белгісіз болып тұр. 

Сондай-ақ, Сирия президенті өзінің президенттігі жайлы сұраққа жауап берді. Башар Асад егер де үкіметтегілер осы мәселені талқылағысы келетін болса, олар бастапқыда конституцияға сүйену керек екенін айтты. Президенттің айтуынша, кез келген конституциялық сұрақ референдумда жауабын табу керек.

Еске сала кетейік, осыған дейін Сирияның шамамен он оппозициялық тобының өкілі Дамаск тарапынан ереже бұзушылықтар болғандықтан, Астанада келіссөздерді өткізуді тоқтата тұратындарын мәлімдеген болатын. "Дамаск тарапынан бұл бұзушылықтардың жалғасып жатуына байланысты оппозициялық топтың өкілдері Астанада өтетін келіссөздерге қатысты барлық мәселені талқылауды тоқтататындарын мәлімдеді", - делінген еді оппозициялық топтың үндеуінде.

Сондай-ақ, Ресей мен Түркия көшбасшылары Сириядағы қақтығысушы тараптар арасындағы ахуалды бейбіт реттеуге арналған келіссөздерді Астанада өткізуге мүдделі екендіктерін білдірген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдап, Қазақстан елордасында мұндай келіссөздер жүргізу үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін мәлімдеген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети